"Ұлым" дейтін ұлттың түрі осы ма?

/uploads/thumbnail/20170708151403751_small.jpg

Астанада "Махаббат" тұрғын үй кешенінің ондаған тұрғынын, оның ішінде оқушы балаларды да наразылық акциясы кезінде полиция ұстап әкетті  делінген ақпаратты біраз уақыт бұрын жазған едік. Наразы  топты көлікке тиеп, балалардың  жығылғандарына  қарамай, өз дегендерін  істеп жатқан  тәртіп сақшыларының әрекетін  қалай түсінуге  болады?

1620378_275091415983758_344039094_n

Азаттық  радиосының  соңғы  ақпаратына қарағанда, наразылық шарасына шыққаны үшін Есіл аудандық полиция бөліміне апарылған азаматтар - Астанадағы "Махаббат" тұрғын үй кешенінің тұрғындары (араларында балалар да бар) бірер сағаттан соң босатылды.

Бес әйел бір айдың ішінде 111-бап ("Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзуға кірістіру") бойынша әкімшілік сотқа тартылмақ. Сотқа дейін босатылған ол адамдардың кәмелетке толмаған балалары бар. Наразылық шарасына қатысқан азаматтардың бірі Салтанат Шиязова оқиғаны таратауға келген полицейлердің әйелдер мен балаларға дөрекелік көрсеткенін айтады.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар