Серік Қирабаев: «Қазақ Елі» деген идеялардың басында Әлихан Бөкейхан тұр

/uploads/thumbnail/20170708151404189_small.jpg

Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтілуі керек. Бұл ұсынысты бүгін Астанада «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына орай өткен «Әлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан ұлттық «Алаш» идеясына дейінгі эволюциялық жол» атты республикалық конференцияда академик Серік Қирабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

 «Ахмет Байтұрсынұлын, Міржақып Дулатұлын зерттейік десек Әлихан Бөкейхансыз дерекке қол жеткізу мүмкін емес. Біз сондықтан Алаш тарихын зерттеуді Әлихан Бөкейханнан бастауды жөн көрдік. Әлихан – барлық тақырыпқа жүйрік адам болған. Әлихансыз Міржақып пен Ахметтер саясатқа қадам баспаған. Бүгінгі айтып жүрген «Мәңгілік ел», «Қазақ Елі» деген идеялардың басында Әлихан тұрғанын ұмытпауымыз керек. Сондықтан, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өтуіміз керек», - деді С.Қирабаев.

Айта өтейік, 2016 жылы Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толады. Осыған орай белгілі алаштанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өз ұсыныстарын білдіруде.

IMG_9491Сонымен  қатар, «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 9 томдық жинағы» атты еңбектің тұсаукесері өтті.  Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханның мұраларын топтастырған бұл жинақ «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына орай өткен «Әлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан ұлттық «Алаш» идеясына дейінгі эволюциялық жол» атты республикалық конференцияның аясында таныстырылды.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС, Ғабит МАДАЛИЕВ (фото).

http://baq.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар