Қазақтың маңдай алды ақындарының бірі Нұрлан Мәукенұлының сөзіне жазылған «Өлінің қамын тірі жер» әнін Еркін Шүкіман орындады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Әнші ол туралы өзінің «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазады.
«Тұрсынғазы ағамның кешінің қарсаңында ел арасындағы көптеген əндері жинақталып, сирек айтылатын əндерін жас өнерпаздар үйреніп, осы фестивальда орындады. Осы əндердің ішінде ең үлкен олжа болғаны Нұрлан Мəукенұлының сөзіне жазылған "ӨЛІНІҢ ҚАМЫН ТІРІ ЖЕР" əні. Бұл əн 2001-2002 жылдары жазушы Талғат Кеңесбаевтың үйінде шыққан. Сол кезде бірден камераға түсіріп, бүгінге дейін сақтап келген. Жалпы бұл əннің шығу тарихы жөнінде сөз бөлек. Оны Талғат Кеңесбаевтың өзіне қалдырдық... Ең бастысы бұл əнді Тəкеңнің сақтауы, бүгінге жеткізуі... Тəке, мың алғыс сізге! Алғаш орындау бізге бұйырыпты... Қабыл алыңыздар!», - дейді әнші.
Пікір қалдыру