Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында өтіп жатқан мото жарыстан әлем чемпионатының екінші кезеңінде қазақстандық шабандоз Денис Слепухин апатқа ұшырады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Vesti.kz– ке сілтеме жасап.
Мотоциклдің тізгініне ие бола алмаған Д. Слепухин бұрылыстардың бірінде трассадан шығып кетіп, аударылды.
Спортшыны жедел жәрдем көлігі алып кетті. Дәрігерлер оның иығы шығып кетті деп қауіптенуде.
Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатына барлығы 18 елден мото шабандоздар қатысуда.
Пікір қалдыру