Жақында YouTube желісінде «Мемлекеттік қызметші Баха Есентаев «Карлтон» казиносында» деген видео жарияланған еді. Онда Баха есімді әлдебір азаматтың казинода үлкен сомада ұтылып қалып, төбелес шығарғаны көрсетіледі. Видеодағы титрда оқиғаның 2015 жылдың қыркүйегінде болғаны айтылады.
Видеодағы жазбадан ұқққанымыздай, аталған азамат ойынханада 40000 доллар ақшасынан ұтылады. Бар өшін казино қызметкерлері мен күзетшілерден алмақ болады. Видео соңында күзетшілер оны сыртқа алып шыққаны көрінеді. Алайда, казино қызметкерлері төбелескіш ойыншыға күш қолданбаған.
Видеоға қалдырылған пікірлердің бірінде ойынханада төбелес шығарған азаматтың қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаевқа ұқсайтыны айтылған. Бірақ, продюсердің Майя есімді көмекшісі видеодағы жігіттің Бақытбек Есентаевқа ешқандай қатысы жоқ екенін айтып, ұқсастықты үзілді-кесілді жоққа шығарған.
Осы жерде видеоның түрлі камералардан жазылып, монтаждалғанын айта кету керек.
Пікір қалдыру