Қытай ханшайымы туралы телесериал түсірген компания өкілдері қазақ ұлттық музыкалық аспабын пайдалағнадары үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Же Ю ханшайым - Хань дәуірінде Үйсіндерге ұзатылған ханзу қызы. Сол ханшайым туралы түсірілген сериал авторлары дайындығының кемдігінен, Же Ю ханшайымның қолына қазақ аспабын ұстатуға мәжбүр болғандарын мойындап, жұртшылықтан Weibo әлеуметтік желісі арқылы кешірім сұраған.
Естеріңізге салсақ, Қытай телесериалында қазақ домбырасының қытайдың музыкалық аспабы ретінде көрсетілгені туралы жазған болатынбыз.