Елбасының тіл туралы ескертпесіне Олжас Сүлейменов себепкер болды ма?

/uploads/thumbnail/20170708222419787_small.jpg

Танымал журналист, «Президент және Халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тіліне қатысты атышулы мәлімдемесіне ақын Олжас Сүлейменовтің қатысы болуы мүмкіндігін айтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Журналист өзінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында «Алжас Амаровичке алғыс» деген жазба жариялап, онда былай дейді:

«Универсиадаға дайындық мәселелері жөніндегі Алматыда 16-ақпанда өткен жиын барысында Мемлекет басшысы «Егер азамат орыс тілінде сұраған болса, оған орысша жауап беру керек. Орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмысты қуу керек» дегені бәріміздің есімізде. Осындай мәлімдемеге не себеп болды екен деп біраз жұрт бас қатырған. 

Кеше «Казачий курьер» деген газетсымаққа көзім түсіп, қарап отырсам, онда ақпан айының басында өткен Қазақстанның Орыс, казак және славян ұйымдары Үйлестіру Кеңесінің ІІІ есеп беру-сайлау сьезінде сөз сөйлеген Олжас Омарович Сүлейменов былай депті:

«Также я очень внимательно слушал всех вступающих. И многому поразался, потому что многое, что касается отношения между языками, мне было не так хорошо известно. И я согласен с теми кто сказал, что пренебрежительное отношение к русскому языку работает против единения казахстанского народа. Такое отношение нарушает движение к тем самым целям, к которым мы каждый день себя призываем: мир, стабильность, межнациональное согласие. По сути дела, те «мелкие» чиновники, не зависимо от рангов, «мелкие» политики, которые нарушает Закон о языках, выступает против Казахстана, против нашей независимости, против нашего будущего. А это значит, что большая мина заложена под Казахстаном и часы тикают. Это я почуствовал и это не может остановить нас равнодушными. 

...Я доведу до Главы государства все вопросы, которые вы справедливо здесь поднимаете». («Казачий курьер», №2 (130) февраль 2016 г, 13-стр).
Елбасы оны 12-ақпанда қабылдады. 16-ақпанда Елбасы «орысша өтініш жасаған адамға қазақ тілінде жауап берген адамды жариялы түрде жұмыстан қуу» туралы тапсырма берді.

Өзінің Ата тілін қорғаған Алжас Амаровичке біз шексіз алғысымызды білдіреміз!».

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар