Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала құрылысы кеңесінде Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан ғимараттар қандай талаптарға сай болуы керектігін айтып берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бауыржан Байбек мырза құрылыс нысандарына қатысты жаңа нормаларды ұсынған. Ол Әл-Фараби даңғылынан жоғары орналасқан 6,5 мың гектар аумаққа биіктігі 12 метрден, ені 15 метрден асатын ғимараттар салуға тыйым салу керектігін айтып отыр. Сонымен қоса, ол ғимараттар ұзындығы меридиан сызығы бойынша (оңтүстіктен солтүстікке қарай) тұрғызылуы керек. Бұл қалаға тау самалының еркін енуін қамтамасыз ету үшін қойылып отырған талап екен.
Сондай-ақ, әкім бас даңғылдан жоғары аймақта Energy Green Home компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешенінің жоғарғы екі қабатын сүріп тастауды талап етті. Б. Байбектің айтуынша, бұл болашақта басқаларға сабақ болатын көрінеді.
Пікір қалдыру