Ресейдің Краснодар қаласында ішімдікке мас жүргізуші қыз тұрғын үйдің ауласында көлігін тұраққа қойғанша 17 көлікті соқты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға 23 ақпан күні күндіз Промышленная көшесінде орын алған. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ: соғылған көліктер аздап бүлінді.
Бойжеткенге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
LifeNews телеарнасы куәгерлер түсірген видеоны жариялады.
Пікір қалдыру