Қытай ешқашан Қазақстанға қауіп төндірмейді: күшпен де, сөзбен де, оймен де. Қазақстандық БАҚ өкілдерімен достық кездесу барысында Қазақстандағы ҚХР төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэй осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен бірге кездесу барысында Қытайдың Қазақстанға ұшқышсыз ұшақтарды жинауға саймандар жеткізіп тұратыны белгілі болды.
"Қытайда екі мыңдай кәсіпорын жұмыс істейді, бұл салада бізде технология өте жақсы, - дейді Чжан Ханьхуэй. – Біз Қазақстанға осындай өнімді жеткіземіз, келісім мен тапсырыс бар. Тасымалдаушы ұшақ та бар, ол ресейлік компнаияның Ан-124 ұшағы, жақында біздің өнімді Қазақстанға әкеледі".
Пікір қалдыру