Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшы Илья Ильинді әлемнің үздік ауыр атлеті атануымен құттықтап, хат жолдады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап.
Бірақ, хат мәтіні қазақша болғанымен, министр қол қоярда ондағы әріп қатесін аңдамай қалған сияқты.
«Қазақ елінің төл спортына айналған ауыр атлетикадан төрт дүркін «Әлем ауыр атлеті» атануыңызМен шын жүректен құттықтаймын! Бойыңыздағы күш-жігеріңіз, адамгершілік қасиет, спортқа деген құштарлық, қажырлы еңбектің арқасында барша әлем жұртын мойындаттыңыз. Сіз сияқты жүректі, білекті, Отансүйгіш азаматтарымыз барда Қазақстанның әнұраны барша адамзаттың алдында әлі сан рет шырқалып, туы көкке көтерілетініне сенімдімін», - делінген министрдің құттықтау хатында.
Пікір қалдыру