Тоқаев Ресейді санкциямен қысқан ОБСЕ саясатын сынап тастады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708222619304_small.jpg

Қазақстан Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ОБСЕ Парламенттік Ассамблеясының Венада өткен қысқы сессиясының ашылуында ұйымның қолданып отырған шектеу шараларына көңілі толмайтынын айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24.kz– ке сілтеме жасап.

Еуропа елдері басқа елдердің парламентшілеріне қатысты қолданып отырған шектеулерге наразылық білдірген Қ. Тоқаев ұйымның ең алдымен мемлекеттер арасында өзара сенім қалыптастыруға, ортақ саяси жобалар шеңберінде жұмыс істеуге мұрындық болуы керектігін айтты.

«Біз Форум жұмыстарына парламент депутаттарының, әсіресе олардың спикерлерінің қатысуына визалық шектеулер арқылы тосқауыл қоюды дұрыс деп санамаймыз. ХХІ ғасыр саясатында санкцияларға орын жоқ. Өйткені, ондай санкциялар әлемдік экономиканы шатқаяқтатып жібереді. Санкциялар қолдану – Біріккен ұлттар ұйымының жұмысы және ондай санкциялар ең соңғы шара ретінде қолданылуы керек», - депті Қ. Тоқаев мырза.

Қазақ парламентшісінің айтқанын Ресей Думасының комитет төрағасы Леонид Слуцкий Тоқаевтың бұл мәлімдемесін қолдап, «Тоқаев қазақ саясаткеріне тән емес шұғыл мәлімдеме жасады» деген. Сондай-ақ, ол Қ. Тоқаевты «Еуропалық масштабтан да асып түсетін ірі саясаткер» деп бағалаған.

Осы Л. Слуцкий өткен жылдың қараша айында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ортақ валютасы әзірленіп жатыр деген мәлімдеме жасап, біраз шу туғызған еді.

ОБСЕ Парламенттің Ассамблеясының қысқы сессиясы 25 ақпанда Австрия астанасында ашылған болатын. Оған 50 елдің парламент өкілдері қатысып, екі күн бойы әлемдік маңызы бар мәселелерді талқылауда.

 «Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар