АҚШ-та 68 жастағы әйел ережесіз жекпе-жек турниріне қатысты. Оны бірінші раундта-ақ техникалық нокаутқа жіберді, - деп жазады ҚазАқпарат.
Америкалық Колорадода жергілікті тұрғын 68 жастағы зейнеткер Энн Перес де Техада Sparta Combat League аралас жекпе-жекте сегіз бұрышты тор рингте айқасқа шықты. Ол ММА ережесі бойынша жекпе-жек тарихындағы ең егде спортшы атанды, деп хабарлады Bloody Elbow.
Энн Перестің қарсыласы отандасы 24 жастағы Лаура Деттман болды. Жарыс барысында ол зейнеткерді бірінші раундта-ақ техникалық нокаутқа жіберді.
Егде әйелдің джиу-джитсу бойынша көк белбеуі бар екені және ММА қағидасы бойынша бірнеше жыл жаттығып жүргені хабарланады.
Пікір қалдыру