ҚАЗАҚ ҚАЙТСЕ ДАМИДЫ?

/uploads/thumbnail/20170708222627586_small.jpg

Осыдан екі жыл ілгеріде болса керек, бір бейтаныс жігіт көкекте (QQ) кеңесте отырып, кенет маған мынадай сұрақ қойды: «Аға, қазақ қайтсе дамиды? » . . .

Я, бұл орынды, үлкен сұрақ қой, сол кезде мен мынадай жауап қаттым:

— Даму дейсіз бе?

— Я, солай. Қазақтың дамуы

— Осыны сұрап отырған сен өзің қазақсың ғой?

— Айтары жоқ.

— Ендеше сенше «Қазақ» деген не?

— Қазақ деген бір ұлт, тарихы бар, мәдениеті, тіл жазу салт-дәстүрі бар. . .

— Я, дұрыс айтып отырсың, қазақ бір ұлт атауы. Ендеше ол жалпы есім. Ол тек мәлім бір адамның маңдайына жазылған немесе соған қара айтылған ұғым емес. Бәлкім мынадай айтсақ, түсінуге оңай болар. Адам денесі құрушы ең кішкене бөлшек әрбір орган мүшелерінің бірлігі клеткалар (жасауша) болар, ендеше осы адамның сау денелі атпал азамат болуы үшін адам денесінің барлық клеткалары сау-денелі, қалыпты қызмет өтеуі қажет болар.

— Я, солай. Дұрыс айтасыз.

— Олай болса, қазақтың дамуы үшін, қазақты құрап отырған әрбір қазақ баласы қазақтың ең кішкене бірлігі. Құраушы элемент. Қазақ тұлғасының қалай болуы, әрбір элементтің қалай болуымен тіке байланысты. Қазақты құраушы клеткалар барлығы сау денелі білімдәр болса, бар клетка өзін дамыта алған болса қазақ деген атауда бір қадам ілгері басқан болар еді. Ендеше қазақтың қалай болуы қазақпыз деп жүрген әрбір қазақ баласының қалай болуымен тікелей байланысты. Егер барымыз дамысақ, әрі өзімізді дамытуды күш салсақ қазақ дамиды. . .

— Аға, бұл түсініктемеңіз өте тамаша болды. Мен бұдан көп нәрсені сезінгендей болып отырмын. . .

— Ол жақсы ғой. Сезінудің өзі бір бақыт дейді. Алайда, мұнда тұрақтылық та қажет.

— . . . Рақмет аға. Мен құлшынуға тисті екенмін. . . .

Расында біз құлшынуға тистіміз. . . Қайрат пен жігер, денсаулық пен баяндылық тілеймін.

Тәліп Нүсіпұлы,

IT маманы, Kazakhsoft.com сайтының жетекшісі

 «Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар