Ұлттық киімдер брендке айналып келеді

/uploads/thumbnail/20170708151409050_small.jpg
Қарағандылық шебер әйелдер тіккен ұлттық киімдер бүгінде отандық брендке айналып отыр. Көздің жауын алатын әсем киімдерге өз еліміздің әртістері ғана емес, шетелдік туристер де айрықша қызығушылық танытып, сатып алуда. Қарағандылық кәсіпкер Венера Исинаның бизнес саласында жүргеніне 20 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында өзі басқарып отырған қазақтың ұлттық киімдері мен той жасауларын тігетін шағын цехы үлкен фирмаға айналды. Ендігі арманы – шеңберін кеңейтіп, үлкен тігін фабрикасын ашу. Шаруашылығын бастаған жылдары мекемелер мен кәсіпорындар, өнер адамдары, оқу орындарынан сұраныс түскенімен, жиналған қаражат қарамағындағы 5-6 жұмыскердің айлығы мен басқа да шығындардан арылмаған. Осы қиындықтарға бой бермей, өндірісін тоқтатпады.
Венера Исина, жеке кәсіпкер: - Қиын кезең болды, бірақ оны қиын кезең деп есептемеппіз. Өзіміздің көңілімізге ұнаған жұмысты істегеннен бе, рухани байлық алып, өзіміз әр бір нәрсеге, тіккен дүниемізге қуанып, 5 жылдың ішінде 10-15 адамға жеттік. Раушан Жылтыбаева – тігін үйнінің алғашқы тапсырыс берушілерінің бірі. Қарқаралының «Салтанат» ән-би ансамблі Голландия, Болгария, Франция сынды алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапармен шыққан кездері ұжымға ұлттық киім қажет болғандығын айтады. Халықаралық байқауларда қазақстандық өнер ұжымының сәнді киімдері шетелдік талай көрерменді таңқалдырып, жүлделі орындарды да жеңіп алған.
Раушан Жылтыбаева, Қарқаралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: - Біздің киімдерді көргенде қолдарына алтын ұстағандай болды. Қадірлеп, фотоға түсіп жатады. Біздің қазақ екенімізді, оның ішінде ұлттық киімдерімізді бағалағанда, расында, біз қуанышқа бөлендік. Бүгінде сән үйінен шыққан ұлттық киімдер ел ішінде үлкен сұранысқа ие. Мекеменің жұмыс істеу технологиясы да жақсарған. Қолмен кесіп-пішпейді. Германия мен Қытайдан алынған тігін жабдықтары тапсырыстарды жедел орындайды. 40-тан астам жұмыскері бар ұлттық сән үйі қазір аяғына нық тұрған. Болашақта 300-дей адам еңбек ететін үлкен тігін фабрикасына айналдыруды көздейді. www.24.kz
Қарағандылық шебер әйелдер тіккен ұлттық киімдер бүгінде отандық брендке айналып отыр. Көздің жауын алатын әсем киімдерге өз еліміздің әртістері ғана емес, шетелдік туристер де айрықша қызығушылық танытып, сатып алуда. Қарағандылық кәсіпкер Венера Исинаның бизнес саласында жүргеніне 20 жылдан асқан. Осы уақыт аралығында өзі басқарып отырған қазақтың ұлттық киімдері мен той жасауларын тігетін шағын цехы үлкен фирмаға айналды. Ендігі арманы – шеңберін кеңейтіп, үлкен тігін фабрикасын ашу. Шаруашылығын бастаған жылдары мекемелер мен кәсіпорындар, өнер адамдары, оқу орындарынан сұраныс түскенімен, жиналған қаражат қарамағындағы 5-6 жұмыскердің айлығы мен басқа да шығындардан арылмаған. Осы қиындықтарға бой бермей, өндірісін тоқтатпады. Венера Исина, жеке кәсіпкер: - Қиын кезең болды, бірақ оны қиын кезең деп есептемеппіз. Өзіміздің көңілімізге ұнаған жұмысты істегеннен бе, рухани байлық алып, өзіміз әр бір нәрсеге, тіккен дүниемізге қуанып, 5 жылдың ішінде 10-15 адамға жеттік. Раушан Жылтыбаева – тігін үйнінің алғашқы тапсырыс берушілерінің бірі. Қарқаралының «Салтанат» ән-би ансамблі Голландия, Болгария, Франция сынды алыс-жақын шетелдерге гастрольдік сапармен шыққан кездері ұжымға ұлттық киім қажет болғандығын айтады. Халықаралық байқауларда қазақстандық өнер ұжымының сәнді киімдері шетелдік талай көрерменді таңқалдырып, жүлделі орындарды да жеңіп алған. Раушан Жылтыбаева, Қарқаралы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы: - Біздің киімдерді көргенде қолдарына алтын ұстағандай болды. Қадірлеп, фотоға түсіп жатады. Біздің қазақ екенімізді, оның ішінде ұлттық киімдерімізді бағалағанда, расында, біз қуанышқа бөлендік. Бүгінде сән үйінен шыққан ұлттық киімдер ел ішінде үлкен сұранысқа ие. Мекеменің жұмыс істеу технологиясы да жақсарған. Қолмен кесіп-пішпейді. Германия мен Қытайдан алынған тігін жабдықтары тапсырыстарды жедел орындайды. 40-тан астам жұмыскері бар ұлттық сән үйі қазір аяғына нық тұрған. Болашақта 300-дей адам еңбек ететін үлкен тігін фабрикасына айналдыруды көздейді. Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/18892-aza-ty Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар