Тағы бір «қыз алып қашу» оқиғасы ғаламторды шулатты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708222902494_small.JPG

Әлеуметтік желіде тағы бір қыз алып қашу оқиғасы түсірілген видео жарияланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Фейсбук» әлеуметтік желісінде Бекболат Смағұлов есімді қолданушы жариялаған видеода белгісіз қызды машинамен алып келіп, түсіріп жатқан сәт түсірілген. Қыздың қарсылық білдіргеніне қарамастан бірнеше жігіт оны көліктен күшпен түсіріп, үйге алып кірген. «Күйеу жігіттің» жеңгелері шашу шашып, шат-шадыман болып жүргені де видеода анық көрінеді.

Аталған оқиға туралы құқыққорғау органдары тарапынан ешқандай ресми мәлімдеме тараған жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар