ДАИШ жетекшісін қатыны тастап кеткен (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708223000370_small.jpg

Ислам атын жамылған ДАИШ лаңкестік тобының көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдади ойламаған жерден әйелінен айырылып қалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы muslim.kz – ке сілтеме жасап.

Жазықсыз елді қан қақсатқан жауыз былтырғы жылдың қазан айында Диана Крюгер есімді неміс қызын өзіне жар еткен болатын. Кейіннен Диана ДАИШ Шариғат сотының әйелдер ісі жөніндегі басшысы болып тағайындалған еді.

Арада аз ғана уақыт өтісімен Бағдади бастаған жорықтың баянсыздығына көзі жетті ме екен, Диана Крюгер одан іргесін аулақ салуды жөн санапты. Ирактағы ДАИШ лагерінен Крюгермен бірге оның екі қызметшісі қашып кеткен.

Қазіргі уақытта Бағдадидың қашқан қатынын «қайтару» операциясына ДАИШ таңдаулы әскері жұмылдырылған көрінеді.

Қатысты Мақалалар