Алматыда 36 жастағы жігіт полицейлердің қолынан қаза тапты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708223019620_small.jpg

36 жастағы алматылық полиция қызметкерлерінің қолынан қаза тапқан, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінде журналист Ирина Советжанқызы жариялады.

«Алматыда 36 жастагы жігіт қайтыс болды. Ринат Малыбековты туыстары полиция кызметкерлері өлтірді деп отыр. Айтуларынша, Ринат үйінен дүкенге телефонсыз, құжатсыз шыққан. Жолда полиция ұстап, Алатау аудандык IIБ жертөлесіне апарып, колын байлап ұрған. Жүруге шамасы қалмаған кезде, облыстык ауруханаға апарыпты. Ішегі үзіліп кеткен. Екінші операциядан соң қайтыс болыпты.

Туыстары осылай деп отыр. Тек қазір бұл деректер бұрмаланып жатқанға ұқсайды. Ринаттың артында екі баласы калды. Біреуі жасқа да толмаған», - деп жазады журналист.

Ауруханаға түскен Ринаттың өмірінің соңғы сәттерін туыстары видеоға түсіріп алған.

 

 

Қатысты Мақалалар