Мәскеуде 4 жасар қызды өлтіріп, басын кесіп алған бала күтуші ұсталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Ұсталған Гүлшахра есімді 28 жастағы әйел отбасымен Өзбекстаннан көшіп келген көрінеді. Мәскеулік бір отбасының баласына қараушы болып жұмыс істеген.
29 ақпан күні өлтірілген Настяны әкесі мен 15 жастағы ағасы бала күтушіге тапсырып, пәтерлерінен кетіп қалған. Баламен оңаша қалған әйел оны өлтіріп, басын кесіп алған. Қылмыс ізін жасыру мақсатында пәтерге от қойған.
Қылмыскер Мәскеудегі Октябрьское поле метро стансасының кіре берісінде қолға түскен.