БІЗГЕ ҚАНДАЙ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КЕРЕК? (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708223345064_small.jpg

Дағдарыс деп елдегі қаржылық қиындықтардың себебін сырттан іздегенмен, ел басындағы шенеуніктердің кәсіби шеберлігін таразыға салмай тұра алмайсыз. Экономист Мағбат Спановтың да пікірі осындай.

«Тұрақтылықты қанағат етіп отыра беруге болмайды. Ғылымда «тұрақтылық» деген «алға жылжымау», «бір орында тұру» деген мағынаға ие. Біз Орта Азия барысына айналуымыз үшін жаңа шаралар мен әдістерге жүгінуіміз керек», - дейді ол.

101tv қоғамдық интернет-телеарнасына берген сұхбатында экономист бүгінгі қазақ Үкіметінің кәсіби біліктілігіне күмәнмен қарайды.

«Жақында Үкімет бекіткен жаңа бюджет жобасы Сенатқа жіберілді. Экономика министрі ішкі жалпы өнімнің 0,5 пайызға өсуі көлеміндегі қалыпты динамиканы сақтап қалдық деп кеудесін соғады. Мен оған экономикалық оқулықтар оқуға кеңес берер ем. ІЖӨ-нің 1,1 пайызға артуы өсім емес, стагнация саналады. Өйткені, девальвациялық, инфляциялық процестер бар. Сондықтан біз тоқтап қалдық», - дейді М. Спанов.

Биліктегілердің «әлеуметтік тұрақтылықты сақтап отырмыз» деп жүргені де далбаса көрінеді.

«ІЖӨ-нің әлеуметтік салаға бөлінетін үлесі үнемі қысқарып келе жатқанда қандай әлеуметтік тұрақтылық туралы айтуға болады? Егер, 2000 жылдар басында әлеуметтік салаға ІЖӨ-нің 4 пайызы бөлінсе, бүгінде бұл көрсеткіш 3 пайыздың айналасында. Бұл тұрақтылық емес, бұл тұрақты құлдырау», - деген экономист сөзін жөнсіз дей алмайсыз.

Экономист елді алға сүйреу үшін білімді Үкімет, оны басқаратын, барлық жауапкершілікті өз мойнына ала алатын, екі-үщ жыл ішінде елді қалыптасқан қиындықтан алып шығуға шамасы жететін білікті премьер-министр керек деп санайды.

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар