Әкім-қараларды жөн-жосықсыз мадақтау мен билік органдарының шалағай жұмысына көз жұма қарау ел аймақтарында да белең алуда, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы 101tv қоғамдық интернет-телеарнасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысы әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық кеңес мүшелері кеңес отырысында өңірдегі өзекті мәселелерді талқылаудың орнына облыс басшысы Нұрмұхамед Әбдібековке кезек-кезек мақтау айтудан әрі аспаған.
Қайта "Нұр Отан" партиясының тізімі бойынша депутаттықтан үміткер Омархан Өксікбаевтің атқарушы билік басшыларына қарата айтқан сөзі қоғамдық кеңес отырысын жағымпаздар жарысына айналып кетуден сақтап қалған секілді.
Пікір қалдыру