Досай Кенжетай: Түркі жұрты бізге сенім артып еді...

/uploads/thumbnail/20170708151412649_small.jpg

Досай  Кенжетай: Қазақстан тәуелсіздік алганда Кырым, Кавказ, Алтай, Қазан, Уфа түркілері қатты қуанды, үміттенді. Олардың ойынша, түркілік тұғырды осы Қазақ елі атқарады деп сенді. Ал, біз олар туралы ойланып та жатпадық. Себебі , бастан саясаттың тізгінін беріп, Ресейге жалтақтықпен қалт- құлт саясат жасап, айтқанын орындап, көңілін қалдырмай келеміз. Олар Ресей Федерациясы ішіндегі отар қандастарымыздың үміті еді, ал енді "Мәңгілік достық" пакеті ше? Ордабасы төбесінде Өзбек, Қыргыз және Қазақ болып қол қойган болатын. Оның жолын да Ресей жауып тастады. Ресейді қоя бер, Америка да бұл одақтың өрлеуіне де дамуына да қарсы екендіктерін дәлелдеді. Кешегі "советология" енді Америка тарапынан басқаша тұжырымдала бастады. Америка орталықтары біздің ортақ құндылықтарымызға "ғылыми тұрғыдан" соққы беруге бағытталып жатыр. Кеше европацентирзм мен ориенталистикага, орыс шығыстанушылығына қарсы тойтарыс беретін орталық құра алмадық. Қайта солардың сойылын соғып, өзімізді жатты зерттеп жатқандай шекемізден қарадық. Бүгін осы жағдайларға тағы да қарсы тойтарыс беретін орталық құрып жатырмыз ба? Ғылыми негізде? Тәуелсіздік алғалы бері ғылыми негізде, ортақ тұғырда қандай орталық құрдық?..  Кешегі "Советтік Туркологияға" қош айттық, бірақ енді өзімізге қажетті туркологиялық бағытты, мүддені, тұғырды, методологияны, философиялық, онтологиялық, аксиологиялық тұтастықтағы "біз" дей алатын мақсат анықтай алдық па?..

Фб парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар