Демография...Біздің елде халық санын көбейтеміз,- деп байбалам салғанмен, қолдан ұрықтандыратын совхоздың саулығы емес екенін бәріміз де жақсы білеміз. Егер, расында халық санын көбейтеміз десек... Онда, бірінші және екінші туған нәрестеге беретін қаражатты көбейту керек. Үшінші, төртінші балаларға әлеуметтік жағдай жасау керек мемлекет тарапынан. Бесінші бала туғанда пәтер беру, алтыншы бала туғанда т.с.с. Өткенде Алматыда көп балалы ананы үйден қуып жатыр дегенде, қайдағы демография деген ой келді.... Ең соңғысы, ауылда тұрып жатқан қандастарымыздың жағдайы, бала тумақ түгілі, нан тауып жеуі үлкен қайғы болып тұрғаны шындық... Қара нан мен қара шайға қарап отырған еркек қайтіп бала туғызады... Оның әйелінің де бала туғанға құлқы бар ма екен? Сіз қалай ойлайсыз, құрметті Ағайын?!
Пікір қалдыру