Атырауда кейбір үйлерге су жайыла бастаған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708223406815_small.jpg

Атырау қаласындағы кейбір көшелерде су жайыла бастады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Атырау қаласы Доссор көшесіндегі 43-үйде тұратын Айгүл Жанғалиева 6 ақпаннан  бері пәтерінің ішінен су шыға бастағанын айтады.

- Әбден берекеміз кетті, үйдің қабырғалары мүжіліп, құлап жатыр. Түнде құдайға сыйынып ұйықтаймыз басымызға құлай ма деп, – дейді Айгүл Жанғалиева.

Атырау қалалық әкімдігінің тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары Эдуард Оспановтың айтуынша, қалада су басып жатқан жер жалғыз Доссор көшесі емес. Қаланың Тайманов көшесін, Ескі әуежай және Лесхоз тәрізді шағын аудандарын да су алып кеткен.

 - Біз мүмкіндігінше суды сордырып жатырмыз. Бірақ техниканы алдымен орталық көшелерге, содан соң жағдайы жоқ адамдарға жібереміз. Мүмкіндігі барлар суды өздері тазалауы керек, – дейді Эдуард Оспанов.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар