Нашақор әйел тергеу изоляторында асылып қалған

/uploads/thumbnail/20170708223407861_small.jpg

Жезқазғанда есірткі сатты деген күдікпен қамауға алынған әйел уақытша ұстау изоляторында асылып қалған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Оқиға кеше түскі сағат 12 шамасында орын алған. Есірткі сатты деген күдікпен 28 ақпан күні уақытша ұстау изоляторына қамалған 1979 жылы туған күдікті А. Усипова камерада шұлығына асылып тұрған жерінен табылған. Полицейлер А. Усипова камерада жалғыз болмағанын, тек жанындағы қамауда отырған екінші адам сот процесіне кеткен кезде өзіне қол жұмсағанын айтуда. Сондай-ақ, күдікті өзі де есірткі тұтынатындықтан, ағзасында есірткі жетіспеушілігінен болатын ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол жұмсауы мүмкін деген де жорамал қарастырылуда.

Аталған іс бойынша, қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүргізілуде.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар