Бүгін Елбасы Н.Назарбаев Ресейге ресми сапармен кетті. Ресей президенті В.Путиннің шақыртуымен 10-11 наурыз күндері ҚР президенті Назарбаев Мескеуде болады деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. 11 наурызға жоспарланған кездесу барысында екі ел басшысы екі жақты қарым-қатынастар мен өзекті халықаралық мәселелерді талқылайтынын хабарлайды Кремльдің баспасөз хатшылығы.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы наурыздың бас кезінде ғана Ресейге барып келген болатын. Келген бетте Қорғаныс министрлігінде шұғыл жиын өткізіп, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуды тапсырған еді.
Пікір қалдыру