«Қыздар-ай»: Өкіметтің пәтер беруі -шеттен келген қазақтарға құрметі

/uploads/thumbnail/20170708151413588_small.jpg

- "Өнер жолы қиын жол", - дейді. Қанша  жерден өнер  тұтып  тұрса  да, демеудің қажет екені анық. Алғаш Атамекенге оралғанда сіздерге демеуші болғандар болды ма?

- Атамекенге екі елдің келісімшарты бойынша, 1992 жылы оқуға келіп, 2 жылдан кейін бітіріп, елде қалдық. Өнерді ары қарай жалғастыру үшін түрлі шараларға қатысып,  өнердегі сауатымызды арттырдық. Елде қалуымызға негізгі себеп: өнер жолында алғаш бағыт көрсеткен әнші Майра Ілиясова болды. Ол кісі әнімізді  халық арасына паш етуімізге үлкен жол аша білді.

DSC_3690

- «Қыздар-ай» әнші апайымыз Майра Ілиясованың алғаш құрған тобы. Осы топтың  құрылуы жөнінде айтып берсеңіздер...

 - Біз алғаш Филормонияға келгенде Майра апайымызбен бірге әр түрлі концерттерге шыға бастадық. Сазгер Жәуір Артықбаеваның «Қыздар-ай» атты әнін қос дауыспен орындауымызға тура келді. «Әнді үш дауысқа салып орындап көрейік»,- деп Майра апайымызға ұсыныс жасап едік,  ол келісіп, бірге айта бастадық. «Қыздар-ай» әнінен бөлек Алтынбек Қоразбаев ағамыздың «Қара қыз, қара қыз», «Өмір де өмір, өмір –ай» және басқа да әндерді бірігіп орындадық. Содан бастап, «Қыздар-ай» тобы халық арасына таныла бастады. Майра апайымыздан бөлінгеннен кейін де,  «Қыздар-ай» болып қалдық. Себебі, ол халықтың қойған аты.

- Жеке шығармашылықтарыңызда қандай жаңалықтар бар?

DSC_3696- Облыстық Филормониядан кетіп, жеке шығармашылықпен айналыса бастағанымызға екі жылдан аса уақыт болыпты. Ал, біз елге оралған 20 жылдан астам уақытты ескере отырып, алдыңғы жылы облыстық мәдениет күніне орай, Студенттер сарайында өзіміздің жеке есеп беру концертімізді өткіздік. Концертте бұрынғы айтылып жүрген әндерімізді жаңалап, халыққа ұсындық. Тақырыбы елге, халыққа арналған әндеріміз негізінде «Ел тілегі»  деп аталды. Осы әндедерімізбен Шымкент, Қостанай, Ақтөбе облыстарында гастрольдік сапарда болдық. Басқа облыстарға барғанда сол жерде сақталған көне әндерді жинақтай отырып, өңдеу жасап, қоржынымызды толтырып жатқан жайымыз бар.

- Қазіргі таңда «Қыздар-ай» тобының әншілері болудан бөлек, басқа қызмет атқарасыздар ма?

 - Әрине, өнер адамдарында бос уақыт аз болатыны анық. Екеуіміз де қазір жеке шығармашылық жолында жүрген соң, тіпті де уақыттың бос болуы мүмкін емес. Егер уақыт бола қалса, Айнұр өзінің жеке отбасылық жұмыстарымен, бала тәрбиесімен айналысады. Мен бос уақытымды болашақта шәкірт тәрбиелеуге жұмсаймын.. Соңғы бір жыл көлемінде филормониядағы қызметімізді тоқтата тұрып, өздеріміздің жеке шығармашылық жұмысымызбен айналысып жатқан жайымыз бар.

ZJ3O0117--

Біздер Алматы облыстық Сүйінбай атындағы Филормонияда жұмыс істеп жүргенімізде өкімет тарапынан пәтер берілді. Мұны айту себебіміз, шетелден келген қазақтарға деген үлкен құрмет деп сезінеміз. Сонымен бірге, Алматы облыстық мәдениет күндері шетелдерде: Кореяда, Мәскеуде, Қырғызстанда болдық. Бұның өзі өкіметтің өнерге деген дұрыс көзқарасын байқатса керек.

-  Тойға  шығып табыс табасыздар ма?  Елге оралғанда "қазағым маған берсін емес, еліме не беремін?" деген ой болған шығар. Сіздер қандай бір игілікті іс атқардыңыздар?

-  Қазақ әншілерінің тойға деген құрметі, әрине, үлкен. Халық өнеріңді бағалап, жақсы көріп тұрса, біз одан ешқашан қашқан емеспіз. Той  - қазақтың байлығы. Әрине, еліміз деп келгеннен кейін елге, жерге деген құрмет бір бөлек болса, елге берер барымыз өнер болмақ. Өнер жолында жүре отырып, түрлі қайырымдылық концерттерін жүргіздік. Қарттар үйі, жетімдер үйі болсын, біз бар ынтамызбен уақыт бөліп, ол кісілермен байланыста болдық. Барған әрбір облыстардағы игілікті шараларды қалдырмадық. Себебі, халықтың, елдің құрметінен асқан құрмет жоқ шығар. Біздің де алға қойған мақсаттарымыздың бірі осы елге деген игілікті бір кішкене болса да іс атқарсақ. Оның өзі халыққа көрсеткен құрметіміз деп білеміз.

hTX0HBFrBF0

- Қазақ әндерін насихаттайтын бірден-бір топсыздар. Бірақ, қазіргі жастарда бұрынғы  қазақ әндеріне деген сұраныс аз. Өз аудиториямызды азайтып аламыз  деп қорықпайсыздар ма?

-  Музыка тілі, ол ешқашан жерге, ұлтқа, нәсілге қарай тыңдауды қажет етпейді.  Белгілі бір әншінің өзіндік тыңдармандары болады. Біз көбіне қазақ халық әндерін айтамыз. Бірақ, заманауи түрде әндерді өңдей отырып, өз тыңдармандарымызды жалықтырмауға тырысамыз. Мысалы, гастрольдік сапарымызға жастармен қоса, үлкен кісілер де келеді. Сол себепті, қай стильде болмасын әндеріміз дайын деуге болады. Өнер жолындағы ұстанатын мақсатымыз: қандай орта болмасын, жанды дауыспен ән салу. Өйткені, жүректен шыққан ән ғана жүрекке жетеді.

ZJ3O0201--

-  Алдағы уақытқа қойған қандай мақсаттарыңыз бар?

-  Әрбір өнер адамы, не басқа мамандық иесі болсын, өздерінің анық бір мақсаты, арманы болуы керек деп ойлаймыз. Алдына мақсат қоя білмеген адам  арманына жете алмайды. Біздің алға қойған басты мақсатымыз: қазақ әндерін бұдан да көп жинай отырып, халыққа әдемі күйінде жеткізу  және болашақ шәкірттер тәрбиелеу. Сол үшін көп еңбектенуіміз керек.

ZJ3O9951--

 Сазды әндер:

[mp3player width=400 height=450 config=fmp_jw_widget_config.xml playlist=fmp_jw_widget_playlist.xml]

Сұхбаттасқан  Әбдібек Төлеубек

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар