Алматыдағы тұрғын үйлердің ауласында РФ президенті В. Путиннің қазақстандық тауарды тұтынуға шақырған үнпарақтары тарауда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Белгісіз «жарнамашы» Ресей президентіне жақсылап тұрып қалжыңдауды жөн санаған секілді. Ол қазақстандық тауарларды тұтынуға шақырған парақшаларға Владимир Путиннің суретін пайдаланған.
Алматыдағы «Самал-2» ықшам ауданындағы үйлердің қабырғаларына ілінген парақшаларда В. Путиннің: «Бұйырамын! Тек Қазақстан тауарлары сатып алынсын! Азық-түлік, авто, тұрмыстық техника, аяқ киім, киім-кешек, дәрі-дәрмек, т.б.» деген «бұйрығы» жазылған.
Пікір қалдыру