Ғаламторда қазіргі қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың еліміздің бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдинді айыптаған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Видеоға Иманғали Тасмағамбетовтың әлдебір мінбеде ресми баяндама жасап тұрған сәті түсірілген. Баяндамашының сөзіне қарағанда бұл оқиға оның премьер-министр кезінде (2002-2003 жылдар) болса керек.
Баяндамасында И. Тасмағамбетов Ә. Қажыгелдинді коррупциялық қылмыстарға тікелей қатысы бар, салық төлеуден жалтарған қылмыскер деп айыптайды.
«Президент оны қолдап, көтермеледі. Мен оны көрдім. Сіздердің де біразыңыз көрдіңіздер. Бірақ, ол жоғары сенімге лайықты адам болмай шықты», - дейді И. Тасмағамбетов.
Бұған дейін Үoutube желісінде И. Тасмағамбетовтың кезінде елбасының құпия бұйрығымен шет елде ашылған құпия есеп-шот туралы мәлімдемесі жарияланған болатын.
Пікір қалдыру