Мәскеу-Алматы бағытындағы ұшақты есірткі шеккен ұшқыш басқарып келген

/uploads/thumbnail/20170708223517956_small.jpg

«Эйр Астана» әуе компаниясының ұшқышы Алматы әуежайында есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Время» газетінің жазуынша, Мәскеуден Алматыға ұшып келген «Эйрбас-320» ұшағы жолаушыларының жүктерін тексеру кезінде полицияның қызметтік иті ұшқыш киіміндегі азаматтан сезіктеніп, белгі берген. Сол күні аталған ұшақпен барлығы 82 жолаушы келгені айтылады.

Полицейлер кеден органларының қызметкерлерімен бірге күдіктінің заттарын тексергенде оның қалтасынан жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, бірден сараптамаға жөнелтілген.

Ал, қалтасынан күдікті пакет табылған азамат «Эйр Астана» компаниясының 39 жастағы экипаж командирі болып шыққан. Күдіктіден тәркіленген зат марихуана екені анықталды. Марихуана экипаж командирінің қанынан да анықталған. Ұсталған азамат өзінің соңғы үш жылдан бері есірткі тұтынатынын, тіпті, Мәскеуден бері қарай ұшар алдында да марихуана шегіп алғанын жасырмаған.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. «Эйр Астана» компаниясы бұл оқиға бойынша ресми мәлімдеме таратпады.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар