Әскерилер мен арнайы органдар қызметкерлерінің зейнетке шығу жасы ұзаруы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170708223527019_small.jpg

Әскерилер мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің зейнеткерлікке шығу жасы ұзартылуы мүмкін, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Заң жобасына сәйкес, «Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» қолданыстағы заңдар Бюджет кодексіне сәйкес келтіріледі. «Атап айтқанда, медициналық әлеуметтік мекемелерде тұрып жатқан тұлғалардың зейнетақысы мен жәрдемақылары үшін мемлекеттік мекемелерде уақытша қаражаттарды аударуға арналған бақылау шоттары ашылатын болады. Бұдан бөлек, жасына байланысты төленетін зейнетақы мөлшері мен еңбек еткен жылдары бойынша тағайындалған зейнетақылар жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен белгіленеді. Бұл ретте Үкіметтің жыл сайынғы зейнетақыны көтеруге қатысты тәртіпті белгілеу құзыреті жойылады», дейді заң жобасы бойынша баяндаған сенатор Владимир Редкокашин.

Оның айтуынша, заң жобасы бойынша арнайы органдар қызметкерлері үшін қызметте болудың шекті мерзімін жалпы азаматтық қызметкерлер мерзіміне дейін ұзарту қарастырылады. Мәселен, подполковник шеніндегі қызметкерлердің қызметте болу жасы 47-ден 50 жасқа дейін, ал жекелеген жағдайларда одан да жоғарыға көтеріледі. Бұдан бөлек, арнайы мемлекеттік органдардағы әскери қызметтерден босату, сонымен бірге келісімшарт бойынша қызмет ететін әскерилердің өз еркімен жұмыстан кетуі мәселелеріне бірыңғай тәртіпті айқындау үшін заңнаманы біріздендіру көзделеді.

Тұтастай алғанда, сенаторлар заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында 35 түзету енгізген.

Құжат палатаның алдағы уақытта өтетін жалпы отырысына шығарылатын болады. 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар