Жезқазған-Қызылорда бағытында жолаушылар пойызы қатынайтын болды

/uploads/thumbnail/20170708223529284_small.jpg

Жезқазған мен Қызылорда қалаларының арасына жолашулар пойызы қатынайтын болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Жезқазған қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жолаушылар пойызы 15 наурыздан бастап Жезқазғаннан аптаның тақ күндері қатынайды. Әзірге жалпы және плацкарт үлгісіндегі 4 вагон шығарылып отыр. Билет құны сәйкесінше 1765 және 2845 теңге», - делінген әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың соңында Жезқазған-Сексеуіл теміржолы пайдалануға берілген болатын.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар