"Тірі" Янукович тағы да баспасөз мәслихатын өткізбек

/uploads/thumbnail/20170708151418988_small.jpg

Украинаның орнынан тайдырылған бұрынғы президенті Янукович 11-наурызда, сейсенбі күні Мәлімдеме жасамақ 10-наурыз күні «Украинская правда» газеті: «Украинаның экс-президенті Виктор Янукович Дондағы Ростовта тағы бір баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасамақ» деп хабарлады. Басылым бұл мәліметті Янукович айналасындағылардан алғанын, сондай-ақ олар: «оның Дондағы Ростовтың қай жерінде, сағат нешеде болатынын қосымша хабарлайтынын» айтады. Қазірдің өзінде ол мәслихаттың түс кезінде болатыны белгілі көрінеді. В.Януковичтің Дондағы Ростовта бұған дейін 28-ақпанда баспасөз мәслихатын өткізгені естеріңізде болар. В.Янукович үстіміздегі 2014 жылдың 22-ақпанында Украина Жоғары Радасының шешімімен орнынан алынып, оған халықаралық іздеу жарияланған болатын. Ал, Янукович болса, әлі күнге өзін Украина президенті санайтын көрінеді. ...Сонымен Янукович әңгімесі тағы жалғасын табатын болды. Орнынан тайдырылған, қашып барып, Ресейде бассауғалаған, Ресей мемлекеті басшысынан Украинаға Ресей қарулы күштерін енгізуді сұраған, халықаралық іздеудегі Януковичтің бұл жолы қандай мәлімдеме жасайтыны белгісіз. Бірақ, бұл адамның артында кімдердіңжәне қандай саяси күштердің тұрғаны жұмбақ болмаса керек. Шетел ақпарат қралдарынан дайындаған Жұмаш КӨКБӨРІ

11.03.2014 жыл

Қатысты Мақалалар