Аятжан Ахметжан.Менен де жасы кіші елдің, менен де ақылы шолақтау

/uploads/thumbnail/20170708151419253_small.jpg

1986 жылы 18 шілдеде Қытай халық республикасы, Іле қазақ облысына қарасты Өртекестің Ағаяз аңғарында дүниеге келген. 2006 жылы шілдеде Атамекенге оралып, 2007-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаратылыстану ғылымдары факультетінде химия мамандығы бойынша білім алған. Қазір Астана қаласыдағы дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебінің химия пәні мұғалімі. Өлеңдері мен мақалалары Қазақстан және Қытайдағы бірқатар басылымдарда тұрақты жарияланып келеді. Қалалық, облыстық мүшәйралардың және ақындар айтысының жеңімпазы. 2010 жылы «Еркіме көнші, ей, өмір» атты жыр жинағы жарық көрген.

  ТӘУЕЛСІЗДІК ҰЛЫ ҰҒЫМ   Бойымда бір ыстық қан, Жадымда ұлы жаңғырық. Көзімде жасым қыстыққан, Өз жерімде өзге боп, Өз үйімде қаңғырып.   Айырып ұлы ұлттықтан, Бабамды еткен әңгүдік. Өз үйінде құл тұтқан, Етектен алып есер кеп, Есімнен кетті тандырып.   Тек өздерін дүр тұтқан, Қарашығын қан қылып. Жамандық іздеп жыртықтан, Қоқысты келіп түртпектеп, Қорқаулар жатты таңға ұлып.   Кімде бар деп ұлттық қан, Қанішерлер қан жілік. Тойып ішіп торсықтан, Рухымды жаншып, ұсақтап, Айдайтындай аң қылып.   Бір Алланы пір тұтқан, Бабамда бар ед қандылық. Ұрпағын демеп қолтықтан, Сыбырлап келіп тіл қатты, Бодан болма мәңгілік!   Қабағын түйіп қарт өтті, Бодандық есін жимастан. Найзағайдай жарқ етті, Сәуле шашты тарихқа, Алаш болып түнгі аспан.   Талай рет қанды етті, Жүзін жуып алды аспан. Толарсақтан қан кешті, Жасын ғұмыр жарқ етіп, Желтоқсан болып үн қатқан.   Тәуелсіз бүгін таң жетті, Қорқаулармен қоштасқан. Рухын тіктеп жанды етті, Жетпіс жылға жекіріп, Үш ғасырын шаң басқан.   Тәуелсіздік ұлы ұғым, Тамыры терең қазаққа. Баянды болсын ұлы күн, Шуағын шашып ұлтыма, Нәлет айтсын азапқа.                            НАМЫС Бір таң қалатын дүнием – қазақтардың орыстар тарапынан талай езгіге ұшырағаны тарихтан белгілі. Бірақ, сонда да солардың ығына жығылып, бәйек болып жататыны. Неге қазақтар орысша сөйлейді? Міне, маған осы жері мүлдем түсініксіз. Мүмкін, өткен тарихын жақсы білмей ме екен деген ой қылаң береді. Егер орыстардың этникалық қазаққа көрсеткен зорлық-зомбылығын білгенде орыс тілінде сөйлеуден жиіркенген болар еді.          Сон Ен Хун (Оңтүстік Корея Ханкук университетінің профессоры)   Мұң қаптады, Тұншығып жүрегімнің кіл қатпары. Намыс деді, Шала қазақ бірақ та тіл қатпады.   Таңғы аспан, Білініп тұр сүркейлі түн ызғары. Паң басқан, Саясаттың қисаймай «құндыз жалы».   Ана тіл, Тағы бар, қамаулы тас қамалда. Дара тұр, Қазақстан қасқайып қасқа жолда.   Ұлттық рух. Жөргекте жатыр әлі тұншығып құр. Бір тұғырлық, Екі алыптың қасында қыстығып тұр.   Қайран қазақ, Тіл, рух санаңда егіз қайғы. Сайрандамақ, Санаңда сандырақ негіз қалды.   Ана тіл, Ұлттық сана, қазақи алып тағдыр. Дін мен діл, Бәрін де байқа, байыпта бір.   Тексіздерге ес білмес, Ана тіл ардақ дер едім. Дауысым менің естілмес, Қазақша сөйлеп келемін.            ЖАҢАӨЗЕН Жаңаөзен – жаңа желтоқсан, Қазаққа қайғы, ортақ қан, Бүлгіншілік емес әсте ол, Бұзақылықпен жол тапқан.   Жаңаөзен – жаңа шындық, Қазаққа жаны ашырлық, Атылған әр-бір оқ, Жазылмас жара сұмдық.   Жаңаөзен – тәуелділік, Ақталмаған әуелгі үміт, Ұждансыз ұраншылдан, Туылған әуен күдік.   Жаңаөзен – жаралы жолбарыс, Шерленген ұлттық толғаныс, Халыққа қарсы оқ ату, Билікке биік қорғаныс.   Жаңаөзен – жаралы жолбарыс, Табанға тапталған өр намыс. Ар үшін аялсыз арпалыс; Тақ үшін аяусыз алданыш.   Жаңаөзен – жасылдай, Жалтақой емес, жат ұдай, Жасын ғұмыр жандары, Жанатта болсын а, құдай!         *** *** ***   Еркіме көнші, ей өмір, Көрсетпей маған түз қылық. Ойлама әсте бей көңіл, Күндердің бәрі ызғырық.   Кеш батқанда қызарып, Таң атад деп күтемін. Бар күнің де бір парық, Табармын бір күн кілт емін.   Салсаң да қанша сарсаңға, Бойымда жатар бір мінез. Шаршама, жаным, шаршама, Аяқтар бір күн күзгі лез.   Атады ұзақ сартаң да, Мезгілінен әсте ұзама. Өршіл мінез әр таңда, Жігерінен сусамас.   Қайтпас көңіл бір тілек Мен деп келеді білемін. Дүрсілдеген бір жүрек, Көн деп соғар бірер үн.   Жаныңа балар біреу сын, Алыстайды білемін. Дұшпан болған біреудің, Ұстаттың кей сәт білегін.   Үдере көшіп, ей өмір, Кәріңді төкпе бір маған. Мендегі асау бір көңіл, Мінезімді әсте ұрламан.   Арынды байқа, ей өмір, Сыйлама өмір күреңін. Қинасаң да бір өмір, Селт етпейді жүрегім.                        Төбе Әке, Сен жамбастап аспанға қарайтын, Мен ақсүйек ойнаған талай түн, Үй артындағы домалақ төбе, Туған ел ауыл көркіне балайтын. Қымыз ішіп, әңгіме шертіп жататын, Әдемі күнді көріп қызарып бататын, Топан бала топырлап ойнап, одан соң, Торғайлар шықылықтап үн қататын. Әке, Сол төбе иен қалдыма бұл күн, Ауылдан ауған соң қазақы жұртым, Әке ескі күндерді еске салатын, Барып қайтайық сол төбеге бір күн.   Е-е, МЕНІҢ ТУҒАН ЖЕРІМ...   Е-е, менің туған жерім Тұлпарлар кезген мекен ең, Балалық шағым сенде өтті. Қазақпен қайсар етене ең, Ол күндер қайта келмес-ті.   Қар басты қайсар Хантәңір, Бесігімді тербетті. Ұлың сені аңсап жүр, Бозбалаң бүгін ер жетті.   Көзімде ыстық көруші ед, Тауыңның аңсап бұлағын. Қалада жүрсем келуші ед, Майсаңа бір сәт құлағым.   Амал қанша бұл күні, Жылылық сенде азайған. Қазақи қайсар тірлігі, Қысық көзден жаза алған.   Жеріңді тулақ етіпті, Жанар деп ем жұлдызың. Бұлағыңды былғап кетіпті, Сусап келген сумұрын.   Көкорай шалғын бел қайда, Көсіліп көкпар тартатын. Нар тұлғалы ер қайда, Елім сенім артатын.   Көкейде өшпес сағыныш, Өзгеде отар қалған жер. Балаңнан сәлем алып ұш, Бабам асыр салған жер.                   САҒЫНЫШ Қырат кезіп мен жүрмін көктем келіп, Көк шөпті иіскеймін өкпем кеуіп. Жүр еді жүрегімде бір сағыныш, Ғашықтық дертінен де өктем келіп.   Ауыл иісін сезем мен қыраттардан, Секілді балалықтан сыр ақтарған. Бейнесі елестейді қырат кезсем, Анамның мен кеткенде жылап қалған.   Сағындым қымыз ішер ауылымды, Көкке аунап құратын сауығымды. Шалшықтарды айналып көп кеземін, Сағынып сіркіреген жауынымды.   Жетегінде желпініп асыл арман, Талпынып асып келем асулардан. Көкпар тартып, қозы қуып, гүл теретін. Ауылымды сағындым жасыл орман.   Қыраттардан тынысты кең аласын, Самалымен көгалдың демалатын. Ауылдың сағынышы елестейді, Қала халқы дем алуға кеп алатын.            ОЙ – ХОЙ КӨКТЕМ   Жап-жаңа бір жайқалған көктем келді, Жап-жасыл бүршік жарып көк терегі. Балаусалар көк майса бөктердегі, Сібірдің суығынан сескенеді.   Көктем – жарқын, қуаныш көп келеді, Шабытсыз жандарды бек жек көреді. Аққан сеңдер ашумен жөңкіледі, Жылылыққа бар секілді өкпелері.   Көктем айы махаббаттың бал дәм айы, Бар тіршілік секілді қамданады. Ұйқыда ұзақ жатқан жас жүректер, Пәк сұлулық көргендей таңданады.   Таңданады, Сұлулыққа сезіммен бармағаны, Кей жандар кешігеді, атар деп таңдар әлі. Бау-бақта құстар сайрап әбігерде, Ұйқыда бар ма жатқан дегендей жандар әлі.   Қыратқа көп болды бір дегендей бармағалы, Көп жандар көк қыратқа таңданады. Еңбекшілер еңбегімен тыныс алмас, Еңбегімен толатын қамбалары.   Ой-хой көктем, Бар тіршілік сенімен басталады, Қосылар ғашықтардың(сан мәрте)бастар әлі, Аптабымен қыздырар қыздарменен, Күн түскен күнгейдегі тастар әлі.                      ШЕКАРА Бұл бір сезім ғажайып таң сезімі, Сағыныштан жаралған жан сезімі. Айдай жарық көрінді алдыңғы аумақ, Нелер алып елжіреткен сал-серіні.   Сол кезде ойым қапты бір аумаған, Туған жерде дегендей жылу маған. Шекараның шеті де шешілмеген, Әз даламда бәз біреу ұрандаған.   Қарама артқа! Ол деген суық өлке, Ұлылардың кеткен жері көбі ерте. «Соңғы өкімі» кесіліп Қажығұмарға, Бостандықтан қиылды сан мың ерке.   Тоспаса егер арасын шекара ғып, Жазықсыз жазаланбас нелер алып. Банды болып соңғы хан Оспан тауда, Бала-шаға шуламас үйде қалып.   Шекара бұл ат таққан басқа қылып, Өзді-өзінен жіберген жасқандырып. Отан үшін шығарған сан мың күрес, Банды болып шығарған жоқ басқа бүлік.   Таңжарықта тамсанып таудан асып, Қазақ деген бойдағы қанға басып. Қашқын болып сан мәрте қашпас еді, Ажал деген қауіппен араласып.   Сол шекара шығарған қылмысты етіп, Талайларды ішінен күңкілдетіп. Талайлардың айтары іште қалып, Қан шығармай жіберген тілін кесіп.   Кеп тұрмын, Шекарадан менде өтемін, Ешкіммен де демеймін сен десемін. Қазақтық қаным тасып өтіп келем, Әйтпесе тарылған жоқ кең төсегім.   Жина ойыңды! Басқалы тұрсың бір қадам, Болғалы тұрсың, нағыз қазақ бір адам. Қазақ жері шабыттың кең даласы, Туады шабыт толғанып десең жыр жазам. Басыңды көтер, алға қарай бір қадам, Күтіп тұр сені атаң шапқан қыр далаң...                                                МЕН ТУҒАН ЖЕР... Мен туған жер – Хантәңірдің бөктері еді, Бір самал жел бетімнен өпкен еді. Тауға қарап ұлитын тау ұлымын, Тау иісі мұрныма көп келеді.   Мен туған ел – текті ел еді, Кіндігімді бір әже кескен еді. Тауын бөрі, даласын құлан кезген, Баурайы Хантәңірдің бек кең еді.   Мен туған жер – Текестің өргі аңғары, Төскейінде төрт түлік толған малы. Төсінде жыр толғаған қазағымның, Көдектей көп заңғары.   Мен туған жер – екі таудың арасы еді, Қазақтың қара орманды даласы еді. Әй, енді ойнамайды-ау сол далада, Қазақ болып қазақтың баласы енді.   Мен туған жер – өзгенің отары еді, Болашағы қауіппен қатар еді. Қысық көздер иемденді шатқалыңды, Қытайланып амал не жатар енді.   Еш күнәсіз кеуде керіп дала жатыр, Өр табиғат өз өшін алады ақыр. Асты-үсті қопарылған қайран дала, Бұл күндері тарылып бара жатыр.                                             КЕШІР, ӘКЕ Әке,сен Өкпелеме мынау жас елге, Тентегі бар оспадар. Қаны бар қазақ осы елде, Дұшпанға қатал, досқа адал.   Сабыр ет, әке бәсеңде, Соны көш сонар басталар. Туғанды маған әкелде, Тірек болсын басқалар.   Армандап кеткен тәтемде, Оны ойласам жас тамар. Қытайда қалған көкемде, Болмай тұр әлі асқақ әл.   Қазақ қып ұрпақ өсірген, Әр қазаққа көш міндет. Кешегі ғасыр кешірген, Бүгінгі дәуір кешірмес.   Жатпайма әке кеш біліп, Өр заңғарлы есіл ел. Есін жияр ес біліп, Қанатыда жетілер.   Майданда шапқан қас тұлпар, Тұяғы талай кетілер. Қазақ деген қас сұңқар, Көгінде талай көсілер.   Қарашаңыраққа әке барар ем, Ұрпаққа керек тұрақтау. Өзіңізді алып қалар ем, Туған жер әттең жырақтау.   Кешір әке, Екінші әрең мүшелім, Ұлыңның ойы олақтау. Мененде жасы кіші елдің, Мененде ақылы шолақтау.   ***** Әке, Қытай тауғада кірді ме? Тонадыма тобылғы бүрді де? Тор төбелмен кезетін топ жыңғылдың, Топырағынан айрып түбін түрді ме?   Әке менің, Қозы баққан далам торланды ма? Көп адам көре алмай жүр сол маңды да, Кең дала кеңдігін сездіре алмай, Кенезесі кепкендей қорланды ма?   Төскейіне тұлпардың тұяғы тиетін, Сиырдың ерні күнде сүйетін, Хантәңірдің баурайы қан жылады ау, Қар жауса қатаңсып қабағын түйетін.   Әке, көкейің көп ой түйді ме? Жүрегің жерді, елді сүйді ме? Бастан садаға басқа жерлер, Көшіріп әкелші біздің үйді де.   *** Шерімді қозға кеңдала, Менің мұңым сен ғана, Еңсемді менің көтерші, Есінеп жатқан ен дала. Дала сенен қоздайды ән, Адамнан әсте озбайды аң, Менің дертімдей тілмдеп, Еөсіңді тіліп жол қазған. Сендегі тұңғиық ну орман, Мендегі аумас қиялдан, Сенде жыныс шұбалған, Таусылмас менде бір арман. Гуілдеп соғар сенде жел, Өсек құмар мендеде ел, Бізде әуре пенделер, Қамықпайды сенде бел. Түрлентер әсем шөп-гүлді, Мінезі асау өткір-ді, Мендегі жастық секілді, Сенде жаңбыр өткінші. Шымшымдап шерді қозғасын, Ұқсамайтын сазға шын, Мөлдіреген таңғы шық, Көрсетпей жылар көз жасым.   *** Жан аға, Жалғызсыраттың неге сен, Күйлерді кешем не бөтен, Алыстап біздер барамыз, Ата жүртқа келмесең.   Жанарға ыстық жас алам, Дей алмай саған қош аман, Күнкөріске алданып, Тұр ғой қайтем босағаң.   Көш түзе, елге жан аға, Көз салып туған балаңа, Ұлтыңнан кетсең алыстап, Басқаны бақыт санама.   *** Даладан тынысың тарылған, Адамы қуған даңғаза. Кеңдіктен әсем айырлған, Шуылға толған беймаза,   Кеңдігіңді сезбей мен жүрмін, Кемдігім шығар бәлкім бұл, Ішінде ұзақ сенделдім, Тіршілік атты түрменің.   Көшпенді ұрпағы болсамада, Көсіліп көкпар тартпадым, Ауылда туып толсамда, Көк шалғында жатпадым.   Тірлік еді бұл неткен, Тегінен текті жерінген, Жетімсіреп күн кешкен, Жерсіне алмай жерін кең.   *** Маңғаздау еді маң дала, Махаббат сырын шертетін, Қолтықтасып боз бала, Қыдырушы едік келсе түн,   Е, балалық бал мінез, Есейіуге асыққан, Бөктеретін бойды ілез, Бойдан бөтен тасып қан.   Әкем қасына ертетін, Әңгіме айтып ұзақ бір, Көреміз деп ел шетін, Кететінбіз ұзап бір.   Иісі бүгін тым алыс, Жусаны һам аршасы, Түсініксіз бір жарыс, Сағым болды баршасы.   Туған жер әттең сағыныш, Жүректе қалған дерт сынды, Аяп бір кетем әруыс, Артжақта қалған өскінді.           *** *** *** Бұлақтың суы мөлдір ед, Жағасы құрақ жамылған. Жүрегім тұрад елжіреп, Тәтті күй туса ағыннан.   Тұлпардан туар өр тілек, Қазақи қаннан табылған. Бейәдеп қылық ерсі деп, Ата-салтқа бағынған.   Ауылдың халқы ақ еділ, Шайын да сыйлар етін де. Жастықтың бір мәні еді. Көңілден керуен көшуде.   Әсем де, әсем тау қайда, Атпенен жүріп аралар. Тірлік деп жүріп қалада, Рухани болдық жарадар.   Қоғамнан кетті жылылық, Ұлтыма болсын Алла жар. Күндіздің өзі ызғырық, Түнменен болған барабар.   Бұйықса боран құм ұлып, Қайғырып жортар қаранар. Сағындым аққу сұлулық, Ақ айдынында таранар.   ОУ, МЕНІҢ АНАМ Еркелеп өскен шат күндер, Секілденіп балапан. Жүректе сол бір тәтті үндер, Аялы аппақ алақан.   Бәріне бүгін қош дедік, Алладан тілеп қайырын. Өмірмен мынау дос та едік, Ажалдан қалмас айырым.   Оу, менің анам! Тұғырыма биік қондырып, Түлеуімді көрмедің. Сағыныш болған мәңгілік, Мейірміңе шөлдедім.   Амал не, мынау жалғанға? Қанжарды ерте қайырған. Қанатты сермеп қалғанда, Өзіңнен мені айырған.   Алаңдап әсте қайғырман, Арт жақта біздер қалсақ та. Жолдасың болып бар иман, Орның болсын жәннатта.                      ӘКЕЖАН Әкежан жыр арнайсың сен де маған, Ұл бол деп, маған емес елге балам. Өмірде адамдармен тағдырлас бол, Деуші едің, дүниеқор пенде жаман.   Әкежан еркелеуші ем, елік едім, Әкелік мейіріңе еліп едім. Арманға алғаш қанат қаққанымда, Жолыма ақ батаңды беріп едің.   Бала деп тыным бермей жанға сірә, Тал орнатар тар болса да ауласына. Алыстан арман іздеп мен кеткенде, Жалғызсырап қарадың ба тау басында?   Әкежан, Ортақ бол балаңның бақытына, Асқақ мінез, нұр жүзің асыл тұлға. Алысқа арман қудым неге, сірә?! Әлдебір бақытқа мен асықтым ба?!                                *** Қаңтарып мама ағашта қаракерді, Қайтейін менің рухым қалада өлді, Әжесін елестетіп мұражайдан, Атасын әлімсінбес сана келді.   Қалада өлді, бойдағы арда кілең, Қанағат айта алмастан барға білем, Тұлпардың түрін зерттеп немере жүр, Мінілмей атадан соң арда күрең.   Арнасынан адасқан тасқын сынды, Топырақ дене несіне тасқа ұмтылды, Атбегінің ұрпағы адасып жүр, Тұлпар деп тамсанып тас мүсінді. * * * Әке мені ауылға шақыршы, Шуылдан әбден шаршадым, Қалада бәрі сатулы, Қажытады барша мұң.   Төсекте жатсаң дөңбекшіп, Төбеңде тұрар бес қарыз. Асығып ұшып еңбек қып, Орындалмас-ау бес парыз.   Үйде сүт пен айран жоқ, Қызың жүр құры су ішіп, Қаладан мына қайран жоқ, Түк татырмас тырысып.   Шәршадым әке шаршадым, Жүйкемде кетті жұқарып, Иісі қайда аршаның, Әкелші әке жұталық!      ЖЕЛТОҚСАНДЫ ЖЫРЛАЙМЫН Қазаққа сыйлай алған азат күнін, Аластап басындағы азап мұңын. Бар қазаққа сыйлаған таң арайын, Желтоқсанды жырлаймын азатты күн.   Бар қазақтың басқаға кегі кеткен, Желтоқсанның ызғары бетін өпкен. Қазақтың атқан бүгін таңдары үшін, Желтоқсанды жырлаймын дүбірлеткен.   Егемендік ел болуға от жыр леп, Әділетсіздік қиып өтер оқ бір бөлек. Тәуелсіздік дабылын қағып өткен, Желтоқсанды жырлаймын өткір тілек.   Жастық дүбір – желтоқсан көк күркіреп, Айқасқан намыс үшін көп бір білек. Ұлт намысы, қазақ деп айқайлаған, Желтоқсанды жырлаймын өткір жүрек.                                        МАХАББАТ, ОЛ –   Махаббат, ол – Жалғыздық па, жабығу ма? Кім білсін, Біреуге бақыт, ал біреуге ол бір сын. Қара нардан кейде рас қайратты, Кейде бірақ қылдан нәзік бүлдіршін.   Махаббат, ол – Ай ма, Күн бе, Қос жұлдыз ба? Кім білсін, Жүрегіңде ғашықтық атты үн жүрсін. Жылытса егер махаббат жанды жылытып, Әйтпесе ол қалшылдатсын, тоңдырсын.   Махаббат, ол – Байлық, әлде дәреже ме? Кім білер, Айдынында ақ кемеде жүздірер. Махаббатқа байлық кейде бақ сыйлап, Кейде жанған бақытында бүлдірер.   Махаббат, ол – Қосылу ма, тосылу ма? Кім білер, Жүрек үні айтқанына көндірер. Махаббат, ол достық жырдан нәр алып, Дұшпандықтан аулақ болсын әр білер.   Махаббат, ол – Мынау деп ешкім айтпайды, Сезім шіркін бесігінде баптайды. Махаббаттан шеттеп жүріп еш жандар, Бақыт басқа бұл өмірден таппайды.                     ӨМІРГЕ СЫР Ей өмір, Кәріңе бақпа көрсетіп маған түз қылық, Сағыныш жыры жүректе жатыр үздігіп. Елестейді ғашық ғұмыр тентегі, Аулада жүрсе қолтықтасып қыз-жігіт.   Ей өмір, Амалым не, мені неге ойлаттың? Несіне сен, ғашықтың тереңіне бойлаттың. Жұп келмесе дос жүректің жартысы, Олсыз күнде мен де өмірде бойдақпын.   Қайтемін сызып өткен күннің сарығын, Көрмеген соң ғашық ғұмыр жарығын. Көрмедім мен жете алмай жүрген бұл күннен, Мәңгілік күткен ғашық ғұмыр парығын.   Ей өмір, Мен неге сонша налыдым, Қалай сызам достық ғұмыр қалыбын. Жете алмаса да тілегіне жас жүрек, Махаббатсыз күндерінің бәрі мұң.   Ей өмір, Тарықтырмай ғашық өмір сарығын, Қадірлетші пенделерге, Бақытты өмір нарығын. Мендей жандар өмірінен налыса, Қалай шығарады жас өмірдің жарығын.   Ей өмір, Ақ тілекке бап келетін тілек бер, Сүйе алатын жүректерге, Сүйетұғын жүрек бер. Ғашық жандар жалындасын мәңгіге, Бөлме олардың әр күндерін бір өтер.       ХАЛЫҢ ҚАЛАЙ ДЕГЕН ДОСҚА   Батпан тірлік басын шайқап, тілгілейді кеудемді Қай қырым әлсіз, жеңе алмаймын мен нені?! Сезімімді селт етсе де тасқын шабыт, Неге өмір өз сезімін кем береді?!   Мен білмеймін, табалмадым жауабын, Жеттім дедім, Қарсы айналдым, Түк таппадым, Алдандым. Бақыттан сая таппасам да, жанға жайлы от леп, Арасынан шыға алмадым, саясы жоқ талдардың.   Таңның емес, Қайтқан желдің беті соққан әсері, Бірі серпіп, Бірі желпіп өтеді. Тұмшала жанар, Жүректі  қорға сен кеуде, Орындалмас мұң шаттықтың дерті енді. БОП ТҰРМЫН ҚОС БҰРЫМДЫ САҒЫНҒАНДАЙ Білерсіз сіз қазақтың ырымдарын, Қазақ қызы кеспеген бұрымдарын. Қазақ қыздың сұлулық бір белгісі, Білерсіз сол бұрымнан туындарын. Төлегеннің қыз Жібекке ғашықтығы, Білерсіз сол бұрымнан туылғанын. Кеше ғана ұлттық жаза ретінде, Білерсіз сол бұрымның жұлынғанын.   Бұл күні арман басқа, талғам басқа, Сан өзгеріс туылған жаңа баста. Алла берген реңді жоғалтып кеп, Алуан рең көрінді мына баста. Қос бұрым жауырынға жетпей жатыр, Ауырлығы болардай қара басқа.   Өткен күн біз қазаққа арман бүгін, Сұлулық қыздардағы қара бұрым. Көргенде желкілдеген қос бұрымды, Көргендей болушы едім таңның нұрын. Күзелгенін көргенде ұзын шаштың, Күрсініп шығып кетті жалын мұңым.   Бұрымдыда бір менің бағым бардай, Боп тұрмын қос бұрымды сағынғандай. Ей, қазақтың қыздары, шаш қимашы, Дінсіздікке бір басың таңылғандай. Қара көз қазағымның сұлулары, Ата-салттан мәңгілік жаңылмағай.            БІРАҚ ТА СЕН Мен сені сүйемін, бірақ та сен, Жүректегі құпия сыр аттас ең. Жүректе әсем бір жылу бар да, Әйтпесе өзгеше бір сынатпас ең.   Мен сені сағынамын, бірақ та сен, Дәл мендей жүрегіңмен ұнатпас ең. Махаббаттың тербелмесе нәзік қылы, Сезім жасын жүректен құлатпас ем.   Мен жүрекпен сырлам, бірақ та сен, Жүректің лүпілімен сыр айтпас ең. Махаббаттың қызығына батар едік, Күте алсаң жасыл орман, Бұлақта әсем.   Қысқым келеді құшағыма, бірақ та сен, Ерке қылық естілер құлаққа әсем. Тау сағасын аралап бір келер ек, Күтпейсің ғой амал не қыратта сен.   Бақытқа бірге барар ек, бірақ та сен, Сезім деген байлансаң тұраққа әсем. Алла берген әр дәмнен қуат алып, Қайғы түгіл бір сені жылатпас ем.   Мен сені сүйемін, бірақ та сен, Жас жүректе болмас-ау қуат бәсең. Жүрекке ауыр сөз айтпа, ару қыз-ай, Сезімің жетпейді – ау, жұбат десем.           *** *** *** Ойлан да, ойлан соқ жүрек, Махаббат, сезім ол бөлек. Өлтірме, әсте өлтірме, Жүрегімде шабыт өлді деп.   Оу, менің тәтті ғұмырым, алқалы ғұмыр, Кеуіп қалған көзінде шалқары құрғыр. Әркімнің шіркін сүйген дауысы әсем, Өзіне бұлбұл.   Жүрегімде бұл күн менің өр екпін, Дегендейін дертті мұңға кері екпін. Меселдесін мен де бүгін таппадым, Сүйген жаннан медеттің.   Мөлдіреп көзі, үлбіреп ерні дір еткен, Селт еткізіп сезім жырды түлеткен. Өлі ғұмырымды өз лебімен оятқан, Айналдым әсем жүректен.   Айналдым әсем, айналдым мен де тілектен, Жүрегіңе ғашықтық жырмен үн еткен. Махаббат ғұмыр кіршіксіз туса игі еді, Мендегі мынау періште көңіл жүректен.               КЕЛ ЖАНЫМ... Шын сүюдің бақытын сезінгенде, Бақыт табам өзіңнен, көзіңнен де. Ғұмырдан күдер үзіп бір кетер ем, Сен қасымнан мәңгілік безінгенде.   Безінгенде, Айрылам әдемі бір сезімнен де, Қалмайды бір жүректе төзім менде. Жетпеген құшағыма күрсінемін, Көрпеде кең көсіліп көз ілгенде.   Езіл жүрек сезімді, сезін кеуде, Қатал қабақ хақым жоқ тезіңмен де. Жүрегіңе үн сал бір дер едім мен, Жүрегіңде болмаса сезім кенде.   Шын сүйген соң хақым бар өрім деуге, Өзің деп өрге ұмтылам өзім кейде. Елесіңді күлімдеп еркелеген, Түсімнен де, табамын өңімнен де.   Табамын, Сондықтан құнын білем бағаңның да, Кейде дос, кейде құрбы ағаңмын да? Шүкір айтсам сүйемін жүрегіммен, Күпір айтсам бақыт бар саған мұнда.   Кел жаным, Бізге берсін қаланың кеші де ерік, Кетейік ғашықтардың есіне еніп. Басқан ізге ой салып куә болар, Жыл аунаса жатады Есіл еріп.   ӨКІНБЕ ДОСЫМ СҮЙГЕНІНЕ ДОСЫҢНЫҢ Адамдық бойдан адалдық атты алсаң үн, Сынына қара қиындықты қарсаң күн. Өкінбе досым сүйгеніне досыңның, Әкелсе де басыңа ауыр сарсаң күн.   Арын қара, Барын қара бойындағы білімнің, Сәнін қара, Нәрін қара бірге жүрген күніңнің. Өкінбе досым сүйгеніне досыңның, Жатпаса болды ішінен қарап жылымның.   Жанына қара адамдық арлы рухтың, Мейірім мен жылулық атты үн ұққын. Өкінбе досым сүйгеніне досыңның, Болмаса бірі ойы таяз, сынықтың.   Үңіле біл түбіне қара жүректің, Достық жырды гүлдендіргін түлеткін. Өкінбе досым сүйгеніне досыңның, Күтпесе болды ішінде жатып түнектің.   Сырын шертіп достық жырға молыққын, Сыры қалай, жыры неде соны ұққын. Өкінбе досым сүйгеніне досыңның, Жүрмесе болды өзім деген жорықтың.   Тартылысқа, қайшылыққа көндіңбе? Өкінбе досым сүйгеніне сен мүлде. Досың болып алдыңнан шығар сол жүрек, Жұбым мынау тойыма кел дер күнде.   Өкінбе сен, өкінбе досым сен мүлде, Адам боп сен, тік басып жерге келдіңбе? Жұбың боп алдан шығар сол жүрек, Жалғызсырап жабырқап қалдым дер күнде.   Өкінбе досым сүйгеніне досыңның, Бірі болар өмір сыйлар жосынның. Досым деп сыйлап сүйсе егер, Ойланып көр амал барда қосылғын!!             ҚЫЗДАРҒА Қыз дегенің қырдың әсем пәк гүлі, Қазағымның жырлап өткен гәккуі. Алақанда сылап-сипап әлдилер, Теңізінде ерке өскен аққуы.   Әркім сыйлар замананың ұланы, Жарты әлемнің өз әлінше шырағы. Анасы да маңдайынан шертпеген, Табиғаттың екі аяқты құланы.   Махаббатқа жанын салар қырағы, Сезімі сел ғашықтардың жыр әні. Сақ бабамның көшін бастап жорытқан, Ата тарих, әз бабамның ұраны.   Жарқыл-жарқыл белес заман шырағы, Сыңғыр бұлақ, шетіндегі құрағы. Сезімдері теңіздейін толқыған, Бақыттың да аялдайтын тұрағы.   Қыз дегенің әлемге бір жылы леп, Шашылатын көп жылудың бірі боп. Әлемді де алақанында тербетер, Ол әйелдің бойындағы құдірет.   Ұлтының да тербететін бесігін, Толықтайтын кемсау жерін, кетігін. Аналары белгілейді дейді екен, Ұрпақтардың ұлылығын, кескінін.   Қыздың жолы жіңішке жол, тайғақ жол, Арыменен, ұжданменен қалған жол. Әлия, Мәншүк кеше ғана деп кеткен, Мен секілді отаныңа қорған бол. ШЫН СҮЮДІҢ ҚАСИЕТІН СЕЗЕ МЕ?!? Кірбең ғұмыр кешсек тағы талай күн, Бақытына ортақ болып талайдың. Жүректерге қуат берген махаббат, Махаббаттан туады екен бар айбын. Сезім – ақымақ, Махаббат – соқыр дегенмен, Таппадым ғұмыр мәні менен баянын.   Күндік ғұмыр жете алмаған қарау күн, Алғы сөзін біз жазсақ та, Бақыт деген тараудың. Қасынан да шыға алмай-ақ біз жүрміз, Ару қыздың ар-ұжданын талаудың. Махаббатқа келіп жетіп нарау күн, Қасиетін жіктедік, Біз де соған қараудың.   Махаббат қанша бақытың да сол ғана, Нәзік жүрек, нәзіктікті қорғала. Селт еткеннің бәрі сезім емес те, Әсер етсе де жүрек деген ордаға. Дүниеде қызық қуған көп жандар, Ұстатпай жүр сезім деген, Байламы қатты торғада.   Махаббатым сел дейтіндер көп бірақ, Бірінен де таба алмай жүрміз бек тұрақ, Сүйгені үшін жылайтындар жоқ бүгін, Тек жымиып күлкісі ғана кеп тұрад, Теңіз үшін ғашықтығы тым басым, Кебу үшін жаралмаған көп бұлақ.   Сүюдің де бақытын шіркін сезген боп, Айтсаң, бір күн жалтаратын безбен боп, Алмастырып күнде біреу жүрген көп, Ақылдыдай көрінеді елден бек, Ер әйелге бірдей болған бұл ғұмыр, Адамзатқа тұрақсыздық сезімімен келген жоқ.   Ащы тыныс кеуде керсе бұлқынғым, Келіп тұрад, Көзін құртқым көздегі нәпсі құртымның. Басындағы ар-ұжданын жоқ қылар, Ләззаты үшін өтер де кетер бір түннің. Махаббат деген ғұмыр үшін тек қана, Бір жығылып келіп тұрад бір тұрғым.   Махаббаттың сезімі сел жүректерге құлаған, Бірлік үшін ғұмыр кеше ме екен бір адам. Тірлік үшін тырп етпейтін кей жандар, Күндік үшін қорықпай жүр күнәдан. Енді біраз күндер өтсе, тым шіркін, Махаббаттық мұнараны таппаймыз-ау мұрадан.   Өтер де кетер бәрі де кетер бұл жалған, Махаббатты қастерлей біл бүр жарған. Қолда бар да қадірле шын асылды, Қайта келмес шын қасиет ұрланған. Шын сүюдің қасиетін сезе ме, Сүйісуге екінші, Үшінші, Төртіншімен тұрған жан!?!   АҚЫН МЕН МҰҢ НЕГЕ ЕГІЗ? (Журналист сұрағынан) Ақын мен мұң неге егіз, Үйткені, біз тек жүрекке сенеміз, Жақын алып әрбір жәйді жүрекке, Өлеңменен өрнектеумен жеңеміз.   Сол үшін де өте нәзік бұл жүрек, Көк майсадай тұратұғын үлбереп, Сол себепті көп ақынның жүрегі, Ерте тоқтап қалған шығар, кім білед?                *** *** ***   Жүректерде жатсадағы үн қайнап, Сезім шіркін селт еткізбес тіл байлап. Өз бақытын өршіл кеуде табар ма? Кете берсе махаббаты қыр бойлап.   Кеткен кезде қараңғы бір түн аунап, Жарықтанар көлеңкесіз бір аумақ. Әйгілейді қасиетін сол кезде, Әр кеудеге жасырынып тұнған бақ.   Дейміз де кеп сол сәт елес күтеміз, Жүректерді жұптаймыз кеп кіл егіз. Махаббат бізді сарпалдаңға салса егер, Онда өмірді қатігез деп білеміз.   Бірақ біздер жүректердің талғамын, Білеміз бе қырлы қатпар барлауын. Қырлы қатпар қайшы келсек біріне, Шығып кетед, өмірге де марғау үн.   Бірақ өмір еш себепсіз мін қайда, Бола ма жан өмірді өзі ылғауға. Болса егер алты миллиард ғұмыры, Ұшырайды тіршілік те былғауға.   Өмір емес, әр адамның өзі мін, Өр талғамын басқарады, Өз жүрегі өзінің. Өмір оның тұсап тастап адымын, Бұрмақ емес қарашығын көзінің.   Сондықтан да, ей адамзат, ойлағын, Өмір сыры терең соған бойлағын. Тағдырыңды өз қолыңмен жасайтын, Ғұмырыңды жасампаздық жоймағын.   Ғұмырыңды жасампаздық жоймағын, Жойылса егер қалмас сірә бойда құн. Жүрекпенен миға кезек ой таста, Өміріңді өз ырқына қоймағын.                           ДОСЫМА Сақталып адамдық құн ар-ибамыз, Достық жайлы шертілер әр үйде аңыз. Ақынмын, өршіл ұлы құба таңның, Жабырқаса жанарымыз нәзік жанбыз. Бүгін маған сенсің ғой, күні кеше, Мұқағали сыр шерткен Фариза қыз.   Мұңымыз да көп біздің жырымыз да, Байқалмайды көп біздің қырымыз да, Иненің де көзінен өтіп кейде, Кей сәтте сыя алмаймыз қынымызға. Мың құбылып тұрады көңіл алуан, Күндердің біреуі – құл, бірі – мырза.   Көңілдің сері үміт, сезім жырын, Өзіңнен басқа қарғам сезінді кім?! Мұңайсам жұбататын жолдасым да, Көтеретін көңілді өзің бүгін. Достықтың салмағы – ауыр, Жолы – бұраң, Талай сынға қалатын кезіңді ұғын. Қасыңда өршіл мінез керімді ұлдың, Көкейіне мұң тұнған еліңді ұғын.                           ДЫБЫС Дыбыс шығар, төменнен де, бастан да, Не тындырам сол дыбыстан қашқанда. Дыбыссыз өмір елестету мұң тағы, Бір үн шығар сырғып түскен тастан да.   Әрбір дыбыс түсіне біл, бір мән бар, Бәлкім онда әсем әуен бір ән бар. Ойлау түгіл қиялыңа сыймайтын, Бәлкім онда тұнып тұрған бір сән бар.   Бәлкім онда жан айқайдың бір үні, Тірі жанның қоштасатын бір тілі. Тауқыметін тартқан жанның өмірдің, Бәлкім онда жатқан шығар бір зілі.   Бәлкім онда жүректердің тербелісі, Бақыттардың жалғанатын бір белгісі. Бәлкім онда сағыныш та тербелген, Жатқан шығар ғашық жүрек үздігісі.   Білкім онда қасірет те, мұң да бар, Алқау да бар, мадақтау да, сын да бар. Бір дыбыстан бақыт тайып басынан, Бәлкім дыбыс бақыт жәйлі тың хабар.   Кей дыбыстан бақыт тағы кесілер, Кей дыбыс пен болашақ та шешілер, Кей дыбыстан бақыт тапса бейбақтар. Кей дыбыстан көз жұмады есіл ер.   Кей дыбыстың құнында бар сұлулық, Сыйлайтұғын жүректерге жылулық. Кей дыбыста ілікке алар құнда жоқ, Рөлі бар қоғамға тек шуылдық.   Ей, адамдар әр дыбысқа құлақ түр, Әр дыбыста неге деген сұрақ тұр. Адал үнді іріктеп-ап жадыңа, Арам дыбыс аулақ-аулақ лақтыр. АЙТАМЫН ТЕК, АЛЛАҒА МЫҢ ШҮКІР Басады қу тіршілік салмағы көп, Пенделік тіршіліктің жалғаны боп. Жапандағы жаяудай қажып келем, Шабытсыз жүрегімнен тармақ іздеп.   Шын бақыттың басынан арман үдеп, Қабағат тіршіліктен қармақ іздеп. Алладан бір үмітті алда дейін, Үмітсіздік шайтаннан қалған іс деп.   Бергенімнен болған соң алғаным көп, Әрбір істі тұрады талдағым кеп. Тарпаң ғұмыр шаршатып болмады ғой, Көрермін қадамыңды алдағы деп.   Шын сүюдің жүрекке салмағы үдеп, Махаббаттың тайғанап майданы бек. Сенер жұрттар ортада аз болған соң, Бүгіліп жүр амал не бармағым көп.   Өсек, өтірік, мақтау мен жалған күлмек, Жасырылмас бәрінде Алла білмек. Пенделіктен сақтасын пенделерді, Пенде көрсе тұратын алдағың кеп.   Істе деп бергеннен соң Алла білмек, Ризалықпен алақан жайғаным көп. Алланың әр ісіне мың шүкірлік, Бір қуантса бір бақытқа барғаным деп.   Беретін саудагердей жалған үстек, Қаларында сезбейтін бармақ тістеп. Пенделер пенделігін қояр ма екен, Буындырып жықпаса ар намыс кеп.   Өзімнен есеп алам дүркін-дүркін, Құртқым келіп көздегі нәпсі құртын. Алдына бір баруымыз ақиқат та, Алланың өзі білер әйтеу бір күн.  

Қатысты Мақалалар