Доллар қымбаттай түсті

/uploads/thumbnail/20170708224632934_small.jpg

Қазақстандық қор нарығындағы таңғы сессиясының қорытындысы бойынша теңгенің долларға қатысты бағамы 344,77 теңгені құрады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

16 наурыздағы таңғы сессия кезінде ең төменгі келісім 343,5 теңгемен жасалса, жоғарысы 345,37 теңгеге дейін жетті. Сессия кезінде сауда көлемі 66,9 миллион доллардан асты. Саудада 137 келісім жасалды. Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары шетел валютасын 342-346,5 теңге аралығында саудалап жатыр.

Бұған дейін Үміт Шаяхметов теңгенің қазіргі бағамы нарықтағы тенденциялардың көрінісі екенін айтқан болатын. Банкир ҚР Ұлттық банкінің ақпан айында өткізген интервенцияларын дұрыс шешім деп есептейтінін де жеткізді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар