Ресейлік әуе күштерінің алғашқы легі Сирияның «Хмеймим» әскери әуе базасын тастап шықты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
РФ Қорғаныс министрлігі әуе базасынан әскери ұшақтардың көтерілген сәтінің видеосын жариялады. Алғашқы лекте әскери-көліктік авиацияның Ту-154, Ил-76 ұшақтары әуеге көтерілген.
Кеше қорғаныс министрі Сергей Шойгуды қабылдаған РФ басшысы В. Путин оған Сириядан әскерді шығару туралы бұйрық берген еді.
Қыркүйек айынан бері Ресей әскерилері Сирия аумағында арнайы операциялар жүргізуде. Содан бері ресейлік әуе күштері 9 мың рет көкке көтеріліп, 2 мың содырдың көзін жойды деп баяндады С. Шойгу.
Пікір қалдыру