Күні кеше Қытай басшысы Ши Жинпиңнің Украина мәселесіне қатысты бейтарап позицияны ұстанатынын сайтымызда жазған болатынбыз. Алайда, араға күн салып Қытай мен Ресейдің Украинадағы оқиғаларға қатысты мәселелердегі позициялары бірдей болып шықты. Who.trades сайтының хабарлауынша, бұл Ресей және Қытай Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ван И арасында телефон арқылы болған әңгіме барысында белгілі болған.
«Ресей мен Қытайдың бұл ел мен оның төңірегіндегі оқиғалардан қалыптасқан жағдайлардың кең ауқымындағы көзқарастары бір-бірімен үндес келетіні атап өтілді», – деп дәйектеме келтірді «Газета.Ru». Сонымен бірге, Лавров пен оның қытайлық әріптесі алдағы уақытта да украин мәселесі жөнінде тығыз қарым-қатынаста болатындарын мәлімдеген.
Батыс елдерінен артықшылығы, Қытай бұл мәселеде Ресейді қолдайтынын білдірген. Батыс елдері Ресейді үркітуге тырысатындарын анық байқатып отыр. АҚШ президенті Барак Обама Украинаның істеріне әскери араласушылық жасар болса, халықаралық талқыға түсіп, тиісті «шығынға» ұшырайтынын айтты. Ал «Үлкен сегіздіктің» Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Ұлыбритания және АҚШ сияқты мүшелері Сочиде өтетін G8 саммитіне дайындалудан бас тартатындарын баяндаған бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Мақсат Ислам