Ақтауда көлік ішінен ер адамның өлігі табылды

/uploads/thumbnail/20170708151424568_small.jpg

Ақтау қаласында Range Rover автомашинасының ішінен ер кісінің мәйіті табылды. Бұл туралы құқық қорғау органдарының дерегіне сүйенген Lada.kz хабарлады.

Оқиға 8 наурыз күні орын алған. Қаладағы 10-шағын ауданның №2 үйі жанында тұрған Range Rover автокөлігінің кабинасынан Ақтаудағы 9-шағын ауданның 35 жастағы тұрғынының өлі денесі шыққан.

Қайтыс болған жігіттің денесінен көзге көрінетін жарақаттар байқалмаған. Аталмыш фактіге байланысты сот-медициналық сараптамасы белгіленді.

Облыстық ауруханада жас жігіттің өліп кетуіне есірткіні шамадан тыс пайдалану себеп болған деген болжам айтылып жатыр.

Хамит Мұстафа.

Қатысты Мақалалар