Сот тұтынушылардың құқықтарын бұзуға әкелген басымдық жағдайды теріс пайдаланған Kcell компаниясына 16 054 млн. теңге мөлшеріндегі айыппұл салу жөніндегі Бәсекелестікті қорғау агенттігінің талабын қолдады.
«Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан былай - Компания немесе Кселл) (LSE, KASE: KCEL), Компанияға қарсы сот ісінде 1-ші сатыдағы соттың Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (бұдан былай - БҚА) пайдасына шешім шығарғандығын хабарлайды. Іс Activ брендісімен көрсетілетін «Күндізгі лимитсіз» тарифтік жоспары бойынша есептеу механизміне және Kcell брендісінде абонент теңгерімінің 0-ге жеткенінде қызмет көрсетуді тоқтатпауына қатысты монополияға қарсы заңнама бөлігіндегі мүмкін болатын бұзушылыққа қатысты. БҚА Компания тұтынушыларының құқықтарын бұзуға әкелген басымдық жағдайды теріс пайдаланған деп айып тақты. Сот Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 147 бабының 3 бөлігіне сәйкес 16 054 млн. теңге мөлшеріндегі айыппұлды қолдады», - деп жазады компанияның баспасөз қызметі.
Шешім 2014 жылдың 7 наурызында жарияланған. Сот шешімі әлі заңды күшіне енбеді. Компания Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстегі соңғы өзгерістерді есепке ала отырып, айыппұлдың (ол қолданылған жағдайда) соттың қазір қолданғанындай, тұтастай дауыстық қызметтерден түсетін табыстың 10%-ы емес, бұзушылық аймағынан алынған табыстың 10%-ы көлемінде болуы тиіс екендігіне сенімді.
Компания айыппен және сот шешімімен келіспейтіндіктен шешімді дауламақ және өз позициясын қорғамақ."ҚазАқпарат"