Дәурен Бабамұрат: Қырым құласа, Ресей бізге де тиісе бастайды

/uploads/thumbnail/20170708151423782_small.jpg

Күн санап Қырымның референдумы жақындап келеді. Істің немен аяқталатыны белгісіз. Бірақ мақтаулы украин халқына сәл ренішім бар. Себебі, референдумның немен бітетіні айдан анық, ал украиндар үн-түнсіз. Мүмкін, мен қателесермін, соңғы күні украиндар бәлкім бассалар Қырымға! Қалай болғанда да бір білерім Қырым қаншалықты тез және оңай құласа, шовинизмі басым Ресей бізге соншалықты тез тиіседі. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома! Тарихта солай болған және тағы болады (егер қимылдамасақ)! 1552 жылы Мәскеу Қазанды алғанда Ноғайлы қарап тұрыпты, 1556 жылы Мәскеу Астарханды алғанда Қазақ қарап тұрыпты, 1613 жылы Үлкен Ноғайлы Естерек би Мәскеуге бодан болып "казак" атанғанда, Кіші Ноғай мен Қазақ қарап тұрыпты, дәл сол секілді Сібірден Көшім қуылғанда, Қырым хандығы құлағанда, Кенесары ат қонғанда, Тәшкен, Қоқан, Бұхара берілгенде басқасы қарап тұрыпты. Елеулі тұлғалар тарихқа елеулі өзгерістер енгізбесе ол "жаманның" қайталана беретін бір қасиеті бар. Не де болса Қырым мен Ресейдің теке-тіресі ұзаққа созылса екен. Ал, Аллам қазақты сақтасын! (жерімен, елімен, тілімен, дінімен, салтымен)

Қатысты Мақалалар