2014 жылдың 9 наурызында Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері зергерлік бұйымдар контрабандасының жолын кесті.
Алматы халықаралық әуежайында «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері «Шарджа - Алматы» әуерейсіне кедендік бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасының азаматшасын құрықтады.
Ұсталған күдіктінің қол жүгіне тексеру амалдарын жүргізу барысында кеден органында декларацияланбаған 200 дана астам, жалпы салмағы – 1 кг асатын сары және ақ түсті зергерлік бұйымдар тәркіленген.
Бүгінгі уақытта Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті тәркіленген дәйекке қатысты процессуалды шешім шығару үшін тергеу алды амалдарын жүргізуде.
Алматы қаласы бойынша КБД
Баспасөз қызметі