Тың игерудің 60 жылдығына орай көрме өтпек

/uploads/thumbnail/20170708151431821_small.jpg

     «Тың» деген сөздің өзі аға буын өкілдерінің жадында еңбек батырлығы, жігерлік, патриоттық және жоғарғы азаматтылық деген ұғымдармен сипатталады. Қазақстан жеріне кеңес одағының әр бұрышынан келген жүздеген тың игерушілер адам төзбейтін жұмыстар жасады: Қазақстанда қысқа уақыт аралығында үлкен нан өнімі өндірілді, жүздеген жаңа совхоздар салынды. Олар бұл еңбек сынағын абыроймен атқара алды. 

  Осыған орай, ертең Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Президентінің мұрағаты, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бірлесе дайындаған «Тыңға 60 жыл» атты құжатты-кітаптық көрмесінің тұсаукесері өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда сол ерлік уақыттар тарихқа ұласуда. Бұл жайлы енді тек қана мұрағаттардан және қатары азайып бара жатқан алғашқы тың игерушілердің естеліктерінен ғана біле аламыз. Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің негізгі кезеңдері ҚР Президентінің мұрағатында сақталудағы қызықты құжаттар мен материалдар көрмеде көрсетіледі. Көптеген құжаттар алғашқы рет көрмеде орын алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы қорындағы осы тақырыпқа қатысты кітаптар, журналдар, газеттер көпшілікке ұсынылады. Көрме 6 бөлімнен тұрады, тың және тыңайған жерлерді игерудің бастауына негіз болған оқиғалардан алынған материалдар (КОКП ОК-нің пленум материалдары, «Мемлекеттегі астық өндірісін одан әрі арттыру мен тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» КОКП ОК-нің және Қазақстан Компартиясының ОК-нің (1954 ж.) қаулылары; Қазақстанның тың игеру эпопеясының алғашқы толық талдауы, КСРО одақтық республикаларындағы азаматтарының: тың игеруге жіберілуі туралы, қоныс аударушылырдың тұрмыстық жағдайлары туралы, алғашқы тың игерушілердің алдында кездескен қиындықтары туралы (фотосуреттері) арыздары, Қазақстанның алғашқы миллиард пұт астығы (1956 ж.), жастардың бүкілхалықтық іске жұмылуы,тың игеру өлкесіне бірінші басшылардың, жазушылардың,қоғам және мәдениет қайраткерлерініңкелуі, тың игерушілердің тұрмыс мәселелері, кездескен қиыншылықтары туралы құжаттар мен материалдар берілген. Тың туралы құжаттар тек қана «батырлықты», жоғары өнім туралы партия комитеттерінің қуанарлықтай есептері емес. Бұл тың аймақтарының экологиялық апаттылықтың шегіне жетуі, ландшафты даланың жойылуы, егінжайдың ластануы, топырақтың жел эрозиясына шалдығыуы, агротехниканың сақталмауы, тың дәуірнамасын ұйымдастырудағы салмақты қателіктер мен жаңылыс есептеулердің жіберілгенінің куәсі. Тұсаукесер рәсіміне ҚР Президент әкімшілігі қызметкерлері, Парламент депутаттары, министрлік және ведомство өкілдері, республикамыздың белгілі қоғам және мемлекет қайраткерлері, еңбек және соғыс ардагерлері, алғашқы тың игерушілер, ғалымдар, тарихшылар, мұрағат, музей және кітапхана қызметінің басшылары, мектеп оқушылары қатысады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Қатысты Мақалалар