Қырғыз нөмірлі көліктерді қудалау қарқын алуда

/uploads/thumbnail/20170708151431585_small.jpg

Кеше Қырғызстандық нөмірі  бар жүргізушілер  наразылық акциясына шыкты. Олардың айтуынша, біраз уақыт бұрын Қырғызстаннан  келген автокөліктерге карсы жол полицейлері рейдке шыққан. Көрші елден әкелінген жеңіл көліктердің  елде жүруіне  тыйым  салынуда. Ұсталған  көліктерді  тұраққа апарған, ал,  егер көліктің иесі болмаса эвакуатормен әкеткен. Күмісхан есімді азамат 8-9 күндері автокөлігін қарауылдау үшін  тұраққа қонған, ол құжаттарының дұрыс екенін айтады. Ал, Янкунжан есімді алматылык тұрғынның көлігін өзінің ауласында алып кеткен. Ол: "Біреудің дүниесін алып кетуге ешкімнің құқығы жоқ" деп  шағымданады. 10 күннің ішінде кырғыз нөмірі бар 195 автокөлік тұраққа қойылған. Қырғыз нөмірлі көліктерге   тыйым салу себебін Кедендік Одақ регламентине сай емес.  Сол себепті   "қырғыз көліктерінің Қазақстанда жүруіне тыйым салынған. Қырғыз автокөліктеріне  қатысты мәселе тек Қырғыз елі Кедендік Одаққа кіргенде шешіледі.

Мақсат  Ерболат

Қатысты Мақалалар