Алматыда жаңа көгалдандыру маусымында 12 мың түп ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Наурыз айында аудандық әкімдік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдар 9 мың ағаш отырғызды.
Түрксіб ауданының Жәпек батыр ауылында жаңадан отырғызылған 3,5 мың түп жапырақты ағаш, Көктөбе баурайында 2 мың түп, «Алматы зообағы» МКК 900 түп емен, жеміс ағашы жайқалып тұр.
Жасыл акция барлығы қаланың 19 учаскесін қамтыды. Айта кету керек, сәуірдің басынан бері «Медеу» шатқалында, «Көк жиек» шағын ауданында, Шығыс айналма жолында 3 мың түп ағаш отырғызылды.
Биыл көктем-күз кезінде қаланың белсенді тұрғындары қаланың жасыл қорын 45 мың ағашпен толықтыруды көздеп отыр.