Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс аумағындағы жолдардың сапасына көңілі толмайтынын айтып, жауапты тұлғаларды сын тезіне алды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы rikatv.kz – ке сілтеме жасап.
«Сен біздің жолдардың сапасы үшін ұяламын. Әлеуметтік желіде, электронды поштаға жол сапасына, оның қазіргі жағдайына қатысты шағымдар күнде түседі», - дейді облыс басшысы.
Бердібек Сапарбаев жол құрылысы мен күтіміне жауапты басшылар мен жол жөндеуші мердігер кәсіпорындар салынған жолдың сапасына қатаң жауап беретінін, мемлекет қаражатының мақсатсыз жұмсалмау керектігін баса айтып отыр. Әкім сапасыз жол салумен айналысып келген кәсіпорындар алдағы тендерлерден қағылатынын жеткізді.