Қарағандыдағы су шайған жолдардың видеосы жарияланды

/uploads/thumbnail/20170708232713266_small.jpg

Қарағанды облысы Шет, Жаңаарқа аудандарындағы су бассейндерінің ернеуінен асып, жолдарды шайып жатқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Төтенше жағдайлар қызметі осы су шайған жолдардың видео жазбасын жариялап отыр.

Қызылорда-Павлодар республикалық тас жолының бір бөлігін 4 сәуірге қараған түні Нұра-Сарысу су бассейніндегі Төменгі Нарбақ қоймасының жарылуынан су алып кеткен. ТЖД өкілдері кеше сағат 11.00 шамасында су деңгейінің төмендегенін хабарлап отыр. Алайда, зақымданған жолдарда қазір көлік қозғалысы тек бір бағытты жолақ бойынша жүруде.

ТЖД өкілдері қазір жолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын және елді мекендерді су алу қаупі жоқ екендігін хабарлады.

Қатысты Мақалалар