Алматылық «Қайрат» футбол клубыгың бас бапкері Александр Бородюк қызметінен кетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Клуб баспасөз қызметі таратқан хабарламада еңбек келісімі ресейлік бапкердің бастамасымен тоқтатылған.
«Клуб басшылығы бапкерді орнында қалтыру үшін барын салды. Бірақ, Александр Бородюк «Қайраттан» кету туралы шешімінен айнымады. Клуб бапкерге атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, бұдан арғы қызметіне табыс тілейді», - делінген клуб таратқан хабарламада.
Бородюктің кететіні туралы алғаш рет «Қайрат» «Ақ жайық» командасынан 1:2 есебімен ұтылғаннан кейін айтыла бастаған еді.
Естерңізге салсақ, ресейлік бапкер бұл қызметке былтыр 28 желтоқсанда тағайындалып, онымен жасалған келісім шарт мерзімі үш жылға жоспарланған еді.