Қарағанды облысының мəдениет, мұрағат жəне құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық мəдени-сауық жəне халық шығармашылығының ғылыми-əдістемелік орталығы 15 сәуір күні Кеншілер Мəдениет Сарайында Қозы Көрпеш-Баян Сұлу махаббат күніне орай "Махаббаттың бесігі-Қарағандым" атты Арқаның жас əуесқой сазгерлерінің əн кешін ұйымдастырмақ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Кеш барысында Қарағанды облысы жас сазгерлері Нұрболат Клим, Қасиет Қамиев, Марғұлан Уәлиев пен Амангелді Ахметжановтың əндері орындалады. Шараға республикалық, облыстық деңгейде өнер көрсетіп жүрген өнерпаздар қатысып, өнерлерін ортаға салады.
Сондай-ақ, кешке өмірден ерте озған сазгер Ерғалы Омаровтың да əндері арқау болады дейді ұйымдастырушылар.