Қоғамды дүрліктірген "Ninety One" тобына қатысты дау басылар емес, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Ревью» бағдарламасында танымал әнші, «МузАрт» ансамблінің орындаушысы Сәкен Майғазиев те топ туралы пікірін білдірді.
«Бір жыныстылыққа, трансвиститтерге, сол сияқты шайтани тірліктерге жақын болмаңдар. Көзін бояп, сырға тағып алған соң ол жақсылыққа апармайды», - дейді әнші.
Ал, топ жетекшісі Ерболат Беделхан болса осы тақырып айналасындағы әңгімеден қажығанын айтады.
«Мен жауап беретіндей қоғамға қауіпті ештеңе жасамадым. Көргісі келетіндер көрсін, көргісі келмейтіндер көрмей-ақ қойсын. Ол әркімнің өз құқығы», - дейді Ерболат Беделхан.