Қазақстандық депутаттардың қызмет орнында смартфон ұстауына тыйым салынды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұл ақпаратты мәжілісмендердің өздері де растады деп жазады Tengrinews.kz.
Депутат Ольга Шишигина бұл талап әлі заңды күшіне енбегенін, алайда депутатар қазірден осы бағытта жұмыс істеп жатқандарын айтса, депутат Меруерт Қазбекова да бұл жаңалықтан хабардар екенін білдірген.
«Біз барлығымыз мұны ескеруіміз керек. Жақын күндері ғимаратқа келгенде, смартфондарымызды төменде қалдырып кететін боламыз. Ресми құжат көрмедік, бірақ естіп жатырмыз. Бұл дұрыс деп ойлаймын», - дейді ол.
Естеріңізге салсақ, сәуір айынан бастап мемлекеттік органдарда смартофн пайдалануға тыйым салынатынын жазған болатынбыз.